Сыртқы барлау қызметі күні

1993 жылғы 15 қазанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Қорғаныс министрлігінің барлау бөлімшелері туралы» Жарлыққа қол қойды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы барлау органдарының тарихы осы күннен басталады. Дегенмен, Қазақстанның қазіргі сыртқы барлау қызметі құрылған күн 5 қараша саналады. Өйткені 1997 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Барлау» қызметі құрылды.

Бүгінгі таңда ол – Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: