Бөлім: «Баталар жинағы»
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.
Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.
Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
37 жас, мүшел жасқа арналған бата
Қолдарыңды жайыңдар, Қанекей бата берейін. Қол жайған мына жамағат, Үстем болсын мерейің. Отыз жеті жас келіп, Үшінші мүшел тербеліп, Есікті ашты..
© Жібек Ысқақова
25 жас мүшел жасқа бата
Қанекей бата берейін, Арта берсін мерейің. Жиырма бес жас мүшелге, Сөз маржанын терейін. Мүшел жасың сыйласын, Жаныңа үлкен қабылет. Раббым Алла жар..
© Жібек Ысқақова
13 мүшел жасқа бата
Он үш жас келді, мүшел жас, Бақыт берсін, бақ берсін. Бар жақсыны мүшел жас, Бір өзіңе ап келсін. Жамандықты аулақ қып, Жақсылығын нақ берсін...
© Жібек Ысқақова
Ақ бата, қарапайым бата
Қанекей бата берейін, Бақ-береке орнасын. Әрбіріңді әрқашан, Жаратқан ием қолдасын. Саулықтарың мықты боп, Қанаттарың талмасын. Жорытқанда бір Алла..
© Жібек Ысқақова
Той жасаған үй иесіне берілетін бата
Құрметті той иесі,Ісіңді тағдыр оңдасын,Қайда жүрсең қолтықтап,Қыдыр бабаң қолдасын!Жамбылға ұқсап көп жаса,Денеңде дерт болмасын,Тойың тойға..
Жаңа жылға бата
Уа, жаратқан құдірет! Жаңа жылда барлық ауыртпалық, қыстамшылық- қиындық өткен жылмен кетіп, жаңа жылда елімізге, әр от басына тыныштық..
© Шерхан Мұртаза
Ару болсын
Ару болсын алғаныңАман болсын мал-жаның.Басыңа бас қосылсын.Тойы жағып қалжаның.Ақылмен шаруа бақ,Істің ойлап әр жағын.Мақсатыңа жетпеккеМаңдайдан..
Төріңде жорғаласын Қыдыр ата
Әумин десең, міне, бата.Төріңде жорғаласын Қыдыр ата.Қайда жүрсең жолың болсын,Жолдасың Қыдыр болсын!Қайырлы ғып дәулет берсін,Өмірлі ғып перзент..
Көпшілікке бата
Жарылқа, тәңірім, қабыл ет.Жарылқаудың қамын ет.Бай ет, мамыр ет.Батамды мұстажап ет!Тәңірден не тілесе, соны әзір ет!Бұған Назар, Сәнкебайдың малы..
Адам таппас сөзді бол
Болшыл, болшыл, болшыл бол,Бозторғайдай төлшіл бол.Адам таппас сөзді бол,Ор қояндай көзді бол.Бұрма темір, сом алтынСуға салса батпасын.Тәңір берген..
Ағайынның алды бол
Қабыл болсын Мұстажан,Осы құдай жолыңыз,Мал мен басың тең өсіп,Халықтың алды болыңыз!Шалқар көлдей көп болсын,Қымыз бенен айраның,Айдағысыз малды..
Терең мағыналы бата
Жүзге жетсін түйеңіз,Үш жүз болсын биеңіз.Қолыңнан келгенше,Жығылғанды көтеріп,Сүрінгенді сүйеңіз.Тарығып келген адамғаБермек отқа күйемізБергенді..
Терең ойлы бата
Құдайдың өзі сөйтіп оңдасын!Бес жүз саулық қоздасын,Сексен інген боталап,Сегіз келін қомдасын:Айдап келген жылқыңнан,Алпыс айғыр азынасын:Жиып келген..
Сабырлықтың сыңары бол
Қуаныштың тұрағы бол,Ұлан істің бұлағы бол.Мерекенің құрағы бол,Мейірімнің шырағы бол.Сабырлықтың сыңары бол,Пәк үлгінің шынары бол.Туырлықтың тұмары..
Берекеміз қашпасын
Берекеміз қашпасын,Белімізді ешкім баспасын,Адал жан болып астасың,Арыңды күлдей шашпасын.Бақыт болса бастасың;Мейманың, сірә, таспасын.Тірлікте түзу..
Қысқа бата жаттау
Атаның наласынан сақтасын,Баланың шаласынан сақтасын,Ағайынның аласынан сақтасын,Жамандардың жаласынан сақтасын.Әумин.
Орныңнан ор қазбасын
Азамат туы ар болар,Әділдік соған нәр болар.Жадыңа тұтсаң осыны –Жақсылық саған жар болар.Досыңа құшақ жайғанныңҚасының жолы тар болар.Тілектен..
Абырой бер
Абырой бер, аман сақта,Оттан, судан сақта.Тілсіз жаудан сақтаКүле кіріпКүңірене шыққан дұшпаннан сақта.Жаман әйелден сақта,Дос болып, қас болғаннан..
Қысқаша бата
Жаз келіп көңілің жай болсын,Көргенің шаттық той болсын!Абзал досың көп той болсын!Берген батам сол болсын!Әумин.
Бастарыңа бақ берсін
Бастарыңа бақ берсін,Не берсе де нақ берсін!Қырда жүрген ҚызырдыҮйлеріңе ап келсін!Қарындарың тоқ болсын,Шүпірлеген үйіңдеБалаларың көп болсын!Әумин.
Көпшілікке бата
Асын, асын, асыңа,Бақыт қонсын басыңа!Таң мезгілі болғанда,Бөденедей жорғалап,Қырғауылдай қорғалап,Қызыр келсін қасыңа!Денсаулығың зор..