Бөлім: «Баталар жинағы»

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған. Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Ақжол батасы
Күнің шуақты болсын,Көлің суатты болсын!Қонысың өрісті болсын,Еккенің жемісті,Еңбегің келісті болсын!Жұлдызың ағаңда болсын,Құндызың жағаңда..
Ақ жол бата
Иә, құдайым оңдасын,Оң жолына бастасын.Жортқанда жолың болсын,Жолдасың періштелер болсын.Жер жүзіндегі қатерденЖаппар Иеме тапсырдым!Судан келер..
Жолға ақ бата
Далақтаған даудан сақта,Жалақтаған жаудан сақта!Ашыққан бөріден сақта,Қара жердің тар көрінен сақта!Ашынған ұрыдан сақта,Құлқыны құрдан..
Жолға бата
Уа, Жаратқан, жарылқа,Бақ-дәулетін аумас қыл,Жарылқағанмен жалғас қыл!Алауызды алыс қыл,Қорғанғаннан қалыс қыл!Ниеттері ақ болсын,Бейнеттері пәк..
Ақ жол
Я, Алла жарылқа!Жарылқағанның ішінде ет.Түгел пәледен аман ет,Сақтағайсың сәлемет!Кешкі тілеуін кешіктірме,Ертеңгі тілеуін зарықтырма!Аузы қанды..
Ақ жолға бата
Жолыңды алла қолдасын,Жаманшылық болмасын.Сенімді болсын жолдасың,Жолыңды кескен оңбасын.Сәтті болсын істерің,Жақсы болсын түстерің,Жұмсақ болсын..
Келінге қысқа бата
Шайың қызыл болсын,Ғұмырың ұзын болсын.Несібең таса берсін,Дұшпаның қаша берсін,Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін!
Айналайын қарағым!
Айналайын қарағым!Алтыннан болсын тарағың,Күмістен болсын жарағың.Бақыт қонып басыңа,Басталсын өмір парағың.Ашық болсын есігің,Ұлды болсын..
Келін баянды болсын
Келінің баянды болсын,Үлкендерді сыйлайтын аяулы болсын!Жылы жүзді болсын!Жұмақ сөзді болсын!Келінің бақытты болсын,Ел қыдырса, сыпайы жүрсін.Күлсе..
Жас келін
Жас келіннің қонған жеріҚұтты қоныс тұғыр болсын.Біреуі шал, біреуі кемпір –Қос ағарған ғұмыр болсын!Балапанмен, балақанменБесік іші жыбыр..
Келінге бата
Құдайым осынау үйге дуа берсін,Тіл-аузын дұшпанның буа берсін.Келіннің балағынан бала саулап,Салпы ерін сары ұлдар туа берсін.
Келін болдың, қарағым.
Отша лаула, сөнбегін,Еш жамандық көрмегін.Қосағыңмен қоса ағар,Құтты болсын қадамың,Келін болдың, қарағым.Салтын ұста, ардақта,Үлкен..
Келінге арналған қысқаша бата
Еліңе елеулі бол,Халқыңа қалаулы бол!Ата-енеңе жағымды бол,Қайын аға, қайныңа қайырымды бол.Ауылыңа айбарлы бол,Күйеуіңе жайдарлы бол.Әумин!
Келінге жақсы бата
Ақылды енелі бол,Абысынға беделді бол.Қайын апаңа жағымды бол,Қайын жұртыңа жұғымды бол. Ардақты аталы бол,Оң ісіңмен баталы бол.Қайын ағаңа қадірлі..
Ия, Құдай оңдай гөр
Бісімілла, рақыман, рақыман!Ия, Құдай оңдай гөр,Әулиелер қолдай гөр.Байсалды қоныс бере гөр,Байтақ ырыс бере гөр!Тілеген әр тілекті де дұрыс бере..
Қазақстан халқына, еліне арналған бата
Әрқашан бейбіт заманды болсын,Тәуелсіздігіміз баянды болсын,Көк туымыз көкте желбірей берсін!Халқымыздың бірлік-берекесі арта берсін!Еліміз алға нық..
©  Қазақ халқының баталары
Ең әйгілі Дастархан батасы
Абайдың басын берсін,Жамбылдың жасын берсін,Күләштің әнін берсін,Сәкеннің сәнін берсін!Қажымұқанның күшін берсін,Қаныштың ісін берсін.... Бұл бата..
©  Қазақ халқының баталары
Е, құдайым....
Е, құдайым, жаздай бер,Жаздай берсең, жазбай бер!Е, құдайым, күздей бер,Күздей берсең, үзбей бер!Е, құдайым, қыстай бер,Қыстай берсең, қыспай..
©  Қазақ халқының баталары
Қыдыр ата дарысын!
Мал мен басты пана берсін!Саған қас қылған дұшпандыТабанының астына сала берсін!Осы отырған боз үйге,Қыдыр ата дарысын!Бәйбішесі бұл үйдіңОн екі..
©  Қазақ халқының баталары
Қысқа бата
Е, құдайым, жарылқа:Жарылқасаң малды қыл.Біткен жұрттың алды қыл!Маған қас қылғанныңМалын алып зарлы қыл!
©  Қазақ халқының баталары
Шен-шекпенділерге берілетін бата
Әдетте, ел тізгінін жаңа ұстаған азаматтардың ауыл ақсақалдары мен өнер-білімді, бет-беделді кісілерді, сондай-ақ, туыс-туған, дос-жарандарын..
©  Қазақ халқының баталары
Күйеубалалар мен қарындастарға берілетін бата
Әдетте, бастарына үй тігіп, бауырларына қазан асып, үйлі-баранды болған білікті күйеу балалар мен қыз-қарындастар ата-ана, аға-бауырларының..
©  Қазақ халқының баталары
Ел мен жерге берілетін бата
Қазақта бөтен ел, бөтен жерден келген кісілер ерекше сыйлы болады. Оларды барған елі тік тұрып күтеді. Сондай кезде қонақтар ел мен жерге деген..
©  Қазақ халқының баталары
Шаңыраққа берілетін бата
Қазақ салтында алыс жерден, өзге ру-тайпалардан келген білікті кісілер өздерін сыйлап, құрметтеген қасиетті қара шаңырақтарға мынадай мазмұндарда..
©  Қазақ халқының баталары
Жас жұбайларға берілетін бата
Қазақта жаңа отау көтеріп, өз алдына түтін түтеткен жас жұбайлар үйлерін реттеп, шаруаларын ыңғайлап алған соң, ауылдағы қадірлі қарттар мен білікті..
©  Қазақ халқының баталары