Бөлім: «Баталар жинағы»
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.
Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.
Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Ер азаматқа арналған бата
Мәнісін ұқ батаның,Борышын өте атаның.Амандық пен саулықтыМен де тілеп отырмын.Аман барып, сау қайтарБерсін жолдың төтесін.Екі жылдық..
Жігітке бата
Жақсының қадірін біл,Кәрінің әділін біл!Өнегенді қазық ет,Ақылыңды азық ет!Сағың сынбасын,Бағың нұрлансын!
Ер адамға бата
Ақылың ассын,Ықыласың тассын,Ұлың үбірлі болсын,Қызың шүбірлі болсын,Жақының көп болсын,Дұшпаның жоқ болсын.Жақсы келсін қасыңа,Нұр жаусын..
Ер азаматқа бата
Жортқанда, балам, жолың болсын,Өмір жасың ұзақ болсын!Қатарынан озған өрен бол,Сынай қалса — кұлақ сал,Мақтай қалса — керең бол!Теңіздейін терең бол!
Азаматқа бата
Әумин десең, міне, бата,Қолдасын Қыдыр Ата.Қыдырың қияласын,Періште ұяласын.Ел шеті жаусыз болсын,Ел іші даусыз болсын!Өрісің мықты болсын,Қонысың..
Тілек батасы
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,Алды бол қатарыңның бұл өмірде.Себездеп алтын ара..
Халыққа бата
Уа, Жаратқан Ием!Халқымды даласымен сақта.Елімізді данасымен сақта,Сәбиді анасымен сақтаАзаматты санасымен сақтаЖұртымды қасірет-қайғыдан..
Жолаушыға бата
Бес қаруың сайлы болсын,Жортқан жолың жайлы болсын.Күнің шығып, жарқырап,Түнің тыныш, айлы болсын,Ішкенің зәмзәм суы боп,Ұртың толы майлы болсын,Бір..
Сапар батасы
Бақытты бол, қарағым,Қара көзім маралым.Алтыннан болсын тарағың,Күмістен болсын жарағың.Қуаныш, күлкің тыйылмай,Жарқырай берсін қабағың.Мақтанышы..
Жол батасы
Оралуың тез болсын,Қасқа жолдың бойында.Қыдыр бабам кез болсын,Өзің жайлы жат елде.Жылы-жылы сөз болсын.Көре алмаған дұшпанның,Екі көзі без..
Жолға бата
Жолыңды Алла қолдасын,Жаманшылық болмасын.Серті мен сөзде тұратын,Сенімді болсын жолдасың.Жолыңды кесем дегендерЕшқашанда оңбасын.Сәтті болып..
Сапаршыға бата
Оң болсын, балам, сапарың,Молықсын дәмің, татарың,Туған елің тапсырған,Парызын өте Отанның.Барып келіп жатыр ғой,Өзіңдей жастар – қатарың.Халықтың..
Сапарға арналған бата
Көштерің көлікті болсын,Жолдарың көрікті болсын,Қоныстарың құтты болсын,Босағасы мықты болсын,Ауру-сырқаудан аман болыңдар.Бастарыңа айырылмас бақ..
Қарияның жастарға батасы
Балалардың ұзақ болсын өмір жасы,Бірге өссін біте қайнап мал мен басы.Қашанда тіл мен көзден аман сақтап,Қасында жүрсін оның пір панасы.Үйреніп..
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін
Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол,Екінші – адал кәсіпке бейімді бол.Үшінші – тіл мен көзден аман бол.Ғылымға өнерменен зейінді бол.Төртінші – қатарыңда..
Жас жұбайларға бата
Атың тұлпар,Құсың сұңқар болсын.Желің биелі,Көшің түйелі болсын.Ісің жүйелі,Басың киелі болсын.Қызың қияға,Ұлың ұяға қонсын.Сапарың сәтті,Жегенің..
Жастарға арналған бата
Құтты болсын бесігің,Артық болып несібің.Дастарқаның жайылып,Ашық болсын есігің.Өре берсін балалар,Дұшпандарың болмасын,Күншілдікпен..
Жастарға бата
Ақыл айттым, ұл – қызым, ұрпағыма арнадым,Берекеге шақырам, байқарсың сөздің салмағын.Туысқанмен ақылдас, бос қайтпасын қармағың,«Ене көрген – тон..
Сүндет той батасы
Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап,Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап.Қырық парыздың біреуі осы дейді,Исламда атқарар міндетке арнап.Айың жарық..
Сүндет тойға
Бисмилләһи-и-раһман-ир-рахим.Мұсылман болдың, қарағым,Және бері қарағын.Шырағын жағар ұлымсың,Ата мекен ананың,Таудай болсын талабың.Алтын менен..
Тілашар тойы
Адам болар баланың,Қайтармайық талабын.Мектепті алғаш аттаған,Құтты болсын қадамың.Сәбиліктен марқайып,Өскендігі санаңның.Әріптерден сөз..
Керей Тоқсан бидің батасы
Қарада Қазыбектей бақытты бол,Түркістанда Темірдейін тақытты бол!Жаппаста Жараспайдай түйелі бол,Қыпшақта Кененбайдай биелі бол,Керейде Жәнібектей..
Қызға бата беру
Талдай бой берсін,Сұңғыл ой берсін,Жаздай жамал берсін,Қардай жанар берсін!Анаға шуақ болсын,Ағаға қуат болсын,Нәзік жаны болсын,Елінің ары..