Бөлім: «Баталар жинағы»

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған. Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Рамазан айына бата
Ата-анаңды пір тұтып, мақтан,Күндерің болсын, күн нұрын шашқан.Қыйналған кезде, қол беріп Қыдыр,Таңдарың болсын, арайлап атқан.Сақтасаң деген..
Айттарыңыз қабыл болсын
Айттарыңыз қабыл болсын,Бар жақсылық тамылжысын.Ұлы Алла жарылқасын,Жақсы етсін қарымтасын.Жақсы тілеу үзілмесін,Жемісі мол күзін берсін.Есіктерің..
Соғым батасы
Соғым қайырлы болсын,Қазаның тоқ болсын,Уайымың жоқ болсын,Дастархандарың кең болсын!Бала – шағаң ер болсын!Бізге бергеннің есесін берсін!Әумин!
Тұсау кесер батасы
Қаз-қаз, балам, қаз балам,Қадам бассаң мәз болам.Күрмеуіңді шешейін,Тұсауыңды кесейін.Қаз-қаз, балам, қаз, балам,Тақымыңды жаз, балам.Қадамыңа..
Тұсау кесерге бата
О, халайық, қол жайып,Той тілеуін қолдайық.Мұсылманның заңдарын,Барша ағайын қорғайық.Тоқ ішек пен ала жіп,Жасыл шөппен жарасып,Үш түрменен..
Тұсау кесер
Тұсауың кесілді құлама,Тізенді жаралап жылама.Құлындай құлдырап жүгірші,Қанеки, өзінді сына да.Секірсең құздардан сүрінбе,Шың-құзға шыққанша..
Ұл балаға арналған бата
Жүсіптің дидарын берсін,Мұхамбеттің иманын берсін.Жанына даланың кеңдігін берсін,Әзірет Әлидің ерлігін берсін,Абылайдың байрағын берсін,Бауыржан..
Ұл балаға бата
Жортқанда, балам, жолың болсын,Қалтаң ділдәға толсын!Бір толмасын, жылда болсын,Өмір-жасың ұзақ болсын!Қатарынан озған ерен бол,Көл түбіндей терең..
Қыз ұзату тойда қызға бата
Құлыным-ау, құлыным,Халқыңа қалаулы бол.Еліңе елеулі бол.Таудай талап бергенше.Бармақтай бақ берсін.Ата-анаң дегізбе,Ата-анаңа мейірбан бол.Алдыңнан..
Қыз ұзату тойы
Еліңе елеулі бол,Халқыңа қалаулы бол,Ата-енеңе жағымды бол,Қайынаға, қайыныңа қайырымды бол.Ауылыңа айбарлы бол,Күйеуіңе жайдарлы бол.Әумин.
Қыз ұзатуға бата
Құлыным-ау құлыным,Халқыңа қалаулы бол.Еліңе елеулі бол.Таудай талап бергенше.Бармақтай бақ берсін.Ата-анаң дегізбе,Ата-анаңа мейірбан бол.Алдыңа ай..
Жарапазанға бата
Шіркіннің баласының сабазын-ай,Асырып алты қырдан айдап берді.Ақ тауық, қызыл тауық қырман шашар,Осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар.Теңгеңді..
Жарамазан батасы
Айтамын жарапазан есігіңе,Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе.Қошқардай қос ұл берсе бесігіңе,кім келіп, кім кетпейді есігіңе.Айтқанда жарапазан тоямыз..
Тіл тидірмесін анадан.
Иллаһи аумин,Тіл тидірмесін анадан.Шайтанның шәрінен сақта,Патшаның кәрінен сақта.Ораздымен оттас қыл,Имандымен жолдас қыл,Қарғағаннан қалас қыл.Көзі..
А, құдайым ондасын
А, құдайым ондасын,Оңдағанның белгісі,Қайырлы етіп басыңа.Бақ пен кыдыр орнасын.Дұшпаның үстем болмасын,Маңайың үбірлі-шүбірлі болсын.Келген қыдыр..
Ер азаматқа арналған жақсы бата
Жарылқа, Алла, дамыл ет,Жарылқаудың қамын ет!Ізет-абырой, бақ-дәулет,Қызыр қарап, бақ қонып,Не тілесең,Соның бәрін қабыл ет!Алтынға балар..
Жігітке ақ бата
Қонысың өрісті болсын,Еккенің келісті болсын.Еңбегің жемісті болсын!Жарың жібектей болсын!Арың түлектей болсын!Өнерің өрлей берсін,Өмірің төрлей..
Ер болсын
Өрендерің ер болсын,Отырғаның төр болсын,Көре алмаған бағынды,Сындыра алмай сағыңды,Қара ниет дұшпаның,Бетін басып жер болсын!Әумин!
Азаматқа арналған бата
Далақтаған даудан сақта,Жалақтаған жаудан сақта!Ашыққан бөріден сақта,Ашынған ұрыдан сақта!Дауылдың кәрінен сақта,Жыланның зәрінен сақта!Аяқ астынан..
Ерге бата
Уа, Жаратқан, жарылқа,Бақ-дәулетін аумас қыл!Ала ауыздан алас қыл,Қарғағаннан қалас қыл!Ниеттері ақ болсын,Бейнеттері пәк болсын!Әумин!
Ер азаматқа арналған әдемі бата
Түздегіні түзде сақта.Жаратушы жан Ием,Әрқашанда бізді сақта.Кедергі мен кеселденБір Алла өзің сақта!Айтқанымды қабыл етсін бірӘумин! Аллаһу акпар!
Жігітке бата
Ғайып ерен қырық шілтен,Назарыңды салып өт.Тар жол, тайғақ кешуде,Жәрдемдесіп алып от.Бақыт, дәулет, перзенттеЕш болмасын қасірет.Ықыласпен тілек..
Жігітке арналған бата
Бисмилляһи-ир-рахман-ир-рахимУә, Жаратқан ием құдірет,Тілегімізді қабыл ет,Иманымызды кәміл ет!Достың көңілін аша көр,Дұшпанның көңілін баса..
Ерге арналған бата
Абырой бер, аман сақта.Оттан, судан сақта.Тілсіз жаудан сақта,Күле кіріп,Күңірене шыққан дүшпаннан сақта,Дос болып, қас болғаннан сакта.Өсек, өтірік..
Азаматқа бата
Ойың көсем болсын,Сөзің шешен болсын!Осының бәрі —Сөзімнің нәріҚұдайымның құлағына шалынып,Тілеуім қабыл болсын!Құдай жолынды оңдасын!Бес жүз саулық..