Бөлім: «Баталар жинағы»

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған. Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Омар қарттың батасы
 Асарың асқар тау болсын,Жүзерің мұхит, көл болсын.Сүйенерің ел болсын,Дұшпаның қара жер болсын.Ұрпақ ұмытпас іс болсын.Есігің алды ой болсын,Ойың..
Сүйінбайдың батасы
Ағайындар, туғандар,Жүрген жерің Нұр болсын.Тындағаның жыр болсын.Жолымыз басқа болғанменТілегіміз бір болсын.Әуелі Алла оңласын,Оң жағынан..
©  Сүйінбай Аронұлы
Жамбыл ата батасы
Жүз жасаған жүректенУа, қарағым балалар!Ер бол демей, не дейін.Ереуілді майдандаҮстем болсын мерейің.Жауды қырып, айдауға,Талмай көмек берейін.Дүбір..
©  Жамбыл Жабаев
Бата
Құдайым бұл үйге дұға берсін,Тіл-аузын дұшпанының буа берсін.Келіннің балағынан бала саулап,Салпы ерін сары балалар туа берсін!
©  Жамбыл Жабаев
Жамбыл атаның батасы
Ел үшін туған ерлердің,Алды-арты дария, кең болар.Артынша туған азамат,Халыққа үлкен бел болар.Абыройға ие бол,Ағат баспа бір қадам!Атақ берген..
©  Жамбыл Жабаев
Нәрестеге бата
Бір үйдің баласы болма,Бүкіл елдің санасы бол!Бір елдің баласы болма,Бар елдің данасы бол!Бір тонның жағасы болма,Көп қолдың ағасы бол!Ақты ақ деп..
©  Қазақ халқының баталары
Әлдиге бата
Аламан болып ержетсін,Ақсақал болып төрлетсін!Қас батырдай көрікті,Ғұмыры болсын берікті!Азамат болсын ардақты,Мінезі болсын салмақты.Өнері болсын..
©  Қазақ халқының баталары
Күміс той батасы
Құтты болсын күміс той,Той дегенің ырыс қой.Алтын жамбы берсем де,Екеуіңе дұрыс қой.Күміс тойдың аяғы,Алтын тойға жалғассын.Жарылқасын..
Туған күнге
Құтты болсын бесігің,Артық болып несібең.Дастарқаның жайылып,Ашық болсын есігің.Өре берсін балалар,Дұшпандарың болмасын,Күншілдікпен..
Туған күнге арналған бата
Бірлік берсін басыңа,Береке берсін асыңа.Жақсылыққа жақ болып.Жас қосылсын жасыңа!Оңға басса талабың.Кеуіп босқа тасыма.Тайып кетсе табаның.Жүнжіп..
Құтты болсын туған күн
Құтты болсын туған күн,Кіндігіңді кесіп ап,Жібек жіппен буған күн.Шілдехана суымен;Алғаш рет жуған күн.Орап алып жөргекке.Белден жайлап буған күн.Ақ..
туған күнге мұсылманша бата
Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим,Мұсылман болдың, қарағым,Кәне бері қарағың.Шырағын жағар ұлысыңАта менен ананың.Таудай болсын талабың,Алтын менен..
Туған күнге бата
Әмин десең пенделер,Алладан ісің жөнделер,Ата-анаңды сыйласаң,Тасың өрге дөңгелер.Туған күнді шығармаңдар есіңнен,Бір Алладан жарық көр деп..
Мықты бата
Құрдасыңа – қуаныш бол,Сырласыңа – сынық бол,Жылағанға жұбаныш бол,Туысыңа тұнық бол.Татулыққа – тамаша бол,Ықыласқа – иық бол,Ана алдында аласа..
Қоғамға арналған бата
Атаңның иықтысы бол,Анаңның сүйіктісі бол.Халқыңа қадірі асқан,Мәртебесі биік кісі бол.Әумин.
Дастарқанға бата
Дастарқаныңнан дәм кетпесін,Көңіліңнен сән кетпесін.Ұрпақ, ұлыс аман болып,Өміріңнен мән кетпесін.Әумин.
Қысқа нұсқа бата
Жақсымен жанасып жүр,Жарлыға қарап жүр.Шалқудың шамасын біл,Ақ-қараның арасын біл.Әумин.
Қысқаша бата
Құдай пейіл тарылтпасын,Қуаныштан арылтпасын,Халқым ешбір қамықпасын,Қасиеті шарықтасын.Әумин.
Біз бата берелік сізге!
Әумин десең бізге,Біз бата берелік сізге!Жасың жетсін жүзге,Желің кетсін жүзге,Желің кетсін құла түзге!Мен мен басты,Иман мен жастыҚабат бермейді..
Әуелі Алла оңдасын
Әуелі Алла оңдасын,Пайғамбар болсын жолдасың,Өткендерді ойласамАруақтар қолдасын.Сыртыңнан ғайбат айтқан жан,Тап өзіңдей болмасын.Ризығың, дәулетің..
Көпшілікке арналған бата
Я, тәңірім, жарылқа,Жарылқағанның ішінде ет.Түгел пәледен аман ет,Сақтағайсың сәлемет.Кешкі тілеуін зарықтырма.Аузы қанды бөріден сақта,Қолы қанды..
Бата беру
Жаңбырсыз жаздан сақта,Жапа шеккен аздан сақта.Қасиетсіз кектен сақта.Кегін қуған көптен сақта.Бұлттың аласынан сақта,Жаудың жаласынан сақта.Елдің..
Әдемі бата
Ғайбат сөзден сақта,Мезгілсіз өлімнен сақта,Кеудемсоқ келіннен сақтаТатымсыз тұздан сақта,Арсыз қыздан сақта.Қайырымсыз зордан сақтаЖаңбырсыз жаздан..
Жеңіл қысқа бата
Бақытың дәулетіңмен таса берсін,Дұшпаның қырдан үркіп қаша берсін.Бата сол бізден сізге, рахмет жауып,Құдайым маңдайыңды аша берсін.Әумин.
Қысқа бата
Бір құдайым оңдасын!Оң жолына бастасын!Үйіңді түрлі апаттан,Құса-қайғыдан сақтасын,Үміт артқан ұл-қызың,Ел сенімін ақтасын!Әумин.