Бөлім: «Баталар жинағы»

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған. Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Алтын тойға бата
Алтын тойдың дастарқаны,Дастарқаны мол болсын.Берекелі қол болсын,Тойға келген қонақтың.Бәріне сәтті жол болсын.Тілектерің оң болсын,Жұқармайтын қоң..
Жас отауға арналған бата
Уа, отау иесі,Қолдасын Тәңір киесі.Инабатың игілікке бастасын,Пейілің жамандыққа баспасын!Босағаң берік болсын,Қосағың жерік болсын.Көңілің ашық..
Жас отау
Өмір берсең, жайлы қып бер,Дәулет берсең, сайлы қып бер.Бау берсең, миуалы қып бер,Келін берсең, ибалы қып бер.Қара ниет батырдан сақта,Көк долы..
Бастарыңа бақ берсін
Бастарыңа бақ берсін,Не берсе де, нақ берсін!Қырда жүрген ҚызырдыҮйлеріңе ап келсін!Қарындарың тоқ болсын,Қайғыларың жоқ болсын!Шүпірлеген..
Қосылған жастарға бата
Жас баланың күлкісін бер,Жас ананың ұйқысын бер,Жомарттың жолын бер,Қыздың қылығын бер,Судың тұнығын бер.Асаудың арынын бер,Түнгі оттың жарығын..
Үйленгендерге бата
Тасқа тары өнгенше,Таршылық көрмендер!Мұзға бидай өнгенше,Мұңшылық көрмендер!Жүздерің жайнап,Өрісті болындар!Толған айдайКелісті болындар! Әумин!
Жас отауға бата
Табыстары көп болсын.Алақандары ашық болсын,Өмірге машық болсын!Күйбең қағып кейін қалмай,Жаңалыққа ғашық болсын,Ұрпақтары ер болсын,Кеменгерлермен..
Жас отауға
Қосылып тұрған қос ұлан,Игілікті, алаулы болындар.Халыққа қалаулы болыңдар.Өмір бойы бірінді-біріңЖамандыққа қимандар.Мейірбанды..
Көші-қон батасы
Көштерің көлікті болсын,Жолдарың көрікті болсын,Қоныстарың құтты болсын,Босағасы мықты болсын,Ауру-сырқаудан аман болыңдар.Бастарыңа айырылмас бақ..
Бесік той батасы
Аламан болып ер жетсін,Ақсақал болып төрлетсін!Қас батырдай көрікті,Ғұмыры болсын берікті!Азамат болсын аруақты,Мінезі болсын салмақты.Өнері болсын..
Шілдехана
Бір үйдің баласы болма,Бүкіл елдің санасы бол!Бір елдің баласы болма,Бар елдің данасы бол!Бір тонның жағасы болма,Көп қолдың ағасы бол!Ақты ақ деп..
Бесік тойға бата
Көтерейік білекті,Нұрға бөлеп жүректі.Бөбекке бата берейік,Ағынан айтып тілекті:Сәбиіміз сүйкімді болсын,Өнер-білімге икемді болсын,Бәйтеректей..
Сәби келді өмірге
Сәби келді өмірге, Сәби келді!Бір күй кернеп, шалқытты ән іргемді.Анасы аман босанды, қалжа жесін,Ат ұстайтын азамат бар үйде енді.Сәби келді шыр..
Берік болсын баулары
Берік болсын баулары балаңыздың,Баспай өтсін біреудің ала жібін.Ата-анаға қолғабыс тигізетін,Дарыса екен бойына саналы ұғым.Күн мен апта айлар боп..
Дастарқан байлығын берсін
Әумин десең маған,Құдай берсін саған!Оң жағыңа қарасаң,Алтыннан қақпа орнасын!Сол жағыңа қарасаң,Күмістен кақпа орнасын!Еш жамандық болмасын,Аман..
Дастарқаның мол болсын
Бата десең берейін:Үстем болсын мерейің!Ықыласпен қол жайсаң,Ақ тілекті төгейін.Дастарқаның мол болсын,Абыройың зор болсын!Көк жайлауды жайласаң,Тай..
Дастарқандарың кең болсын!
Соғым шүйгін болсын,Қазаның тоқ болсын.Уайымың жоқ болсын.Дастарқандарың кең болсын!Бала-шағаң ер болсын!Бізге бергеннің есесінАлла қосып, тең..
Мұсылманша жақсы бата
Я, Тәңірі — құдірет,Мал-бастарын аман ет.Басына бер мол бақыт,Асына бер берекет,Өмір-жасын ұзақ ет.Ауру-дерттен аман ет.Ұрпақтарын асыл ет,Дүниедегі..
Мұсылманша бата беру
Уа, Құдайым қолдасын,Алдың береке,Артың мереке болсын!Бақ дәулетің шашылып жатсын,Қазаның асылып жатсын.Үйің қонақтан арылмасын,Құдайым..
Қысқа дастархан батасы
Дастарқаның тоқ болсын,Уайым-қайғың жоқ болсын!Бақ-дәулет берсін бастарыңа,Ғұмыр берсін жастарыңа!Пәле-жала, жын-шайтанЖоламасын қастарыңа!Аллаһу..
Дастарқан батасы
Асың, асың, асыңа,Береке берсін басыңа.Қырғауылдай жорғалап,Қыдыр деген жарықтықӨзі келсін қасыңа.Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,Бозторғайдай төлшіл..
Дастарқандарыңа береке берсін
Дастарқандарыңа береке берсін,Бастарыңа мереке берсін.Астарыңа адалдық берсін.Бастарыңа амандық берсін.
Төле би батасы
Төле бидей қартыңныңАппақ сүттей сақалы.Сабалақтай баланыңОң болса екен сапары,Мол болса екен қатары.Сегіз қиыр, шартарап,Кең жайылсын атағы.Елдің..
©  Төле би
Азанды бол, балам!
Аллаға жағайын десең,Азанды бол, балам!Халықка жағайын десеңҚазанды бол, балам!
©  Төле би
Төле бидің батасы
 Атасызға ата бол!Батасызға бата бол!Арып-ашқан қаріптің,Жел жағына жота бол!Панасызға пана бол,Кек сақтамас бала бол!Дос сүйініп, қас сыйлар,Асу..
©  Төле би