Бөлім: «Баталар жинағы»

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған. Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Қарапайым бата
Бақ келіп қонып басыңаКөңілің көлдей шалқысын.Пейіліңе тойған қонағың,Ішпей-жемей балқысын.Әумин.
Қысқа бата
Талмайтын талап берсін,Самғайтын қанат берсін.Баянды бақыт берсін,Ұзақ ғұмыр, тұрлаулы уақыт берсін.Әумин.
Ақылың ассын
Ақылың ассын,Ықыласың тассын,Балаң үбірлі болсын,Қызың шүбірлі болсын,Жақының көп болсын,Дұшпаның жоқ болсын.Жақсы келсін қасыңа,Нұр жаусын..
Жанұяға бата
Құрметті той иесі,Ісіңді тағдыр ондасын,Қайда жүрсең қолтықтап,Қызыр Бабаң қолдасын!Жамбылға ұқсап көп жаса,Дененде дерт болмасын!Тойың-тойға..
Шаңыраққа арналған бата
Берейін, міне, бата,Дарысын Қыдыр Ата.Қыдыр қияласын,Періште ұяласын.Бақ берсін,Жаратқан ием бас берсін,Өміріңе ұзақ жас берсін!Кетпес ырыс, кең..
Үйге арналған бата
Осы үйдің иесіне, Молайтып мал бер.Көбейтіп бас бер,Ұзақ жас бер!
Бір құдайым ондасын!
Бір құдайым ондасын!Оң жолыңа бастасын!Үйінді түрлі апаттан,Құса-қайғыдан сақтасын!Үміт артқан ұл-қызың,Ел сенімін ақтасын!
Жанұяға бата
Көштерің көлікті болсын,Жолдарың көрікті болсын,Қоныстарың құтты болсын,Босағасы мықты болсын.Ауру-сырқаудан аман болындар,Бастарыңа айырылмас бақ..
Отбасыға бата
Он сегіз мың ғаламдыЖаратушы бір Алла!Жанұяңа бақ қонсын,Дастарқаның ақ болсын.Жас отауың басқа толсын.Мың бір атты пәледен Алла сақта!Жүз бір атты..
Шаңыраққа бата
Уа, Құдайым!Ұл берсең — білікті қып бер,Қыз берсең — көрікті қып бер.Келін берсең — келісті қып бер.Мінер ат берсең, желісті қып бер!Е, Құдайым..
Қарияға бата
Түндерің тыныш болсын,Үйлеріңе ырыс толсын!Келіндерің есті болсын,Ұлдарың сесті болсын.Балаларың қуаныш әкелсін,Немерелер жұбаныш әкелсін.Орындарың..
Той батасы
Қуаныштың тұрағы бол,Ұлан істің бұлағы бол.Мерекенің құрағы бол,Мейірімнің шырағы бол.Сабырлылықтың сыңары бол,Пәк үлгінің шынары бол.Туырлықтың..
ЖАСТАРҒА БАТА
Иә, Құдайым жарылқаЖарылқағанның ішінде ет,Екі аяғын есен ет,Төрт бұрышын түгел ет,Пәле-жаладан аман ет.Сақтағайсың саламат.Аузы қанды бөріден..
Той батасы
Атаның наласынан сақтасын,Баланың шаласынан сақтасын,Ағайынның аласынан сақтасынЖамандардың жаласынан сақтасын.Әумин.
Тойға бата
Құрдасыңа – қуаныш бол,Сырласыңа – сынық бол,Жылағанға жұбаныш бол,Туысыңа тұнық бол.Татулыққа – тамаша бол,Ықыласқа – иық бол,Ана алдында аласа..
Әдемі той батасы
Абырой бер, аман сақта,Оттан, судан сақта.Тілсіз жаудан сақта.Күле кіріп,Күңірене шыққан дұшпаннан сақта.
Қысқаша бата
Талмайтын талап берсін,Самғайтын қанат берсін.Баянды махаббат берсін,Ұзақ ғұмыр, тұрлаулы бақыт берсін.Әумин.
Қарапайым бата
Бақ келіп қонып басыңа,Көңілің көлдей шалқысын.Пейіліңе тойған қонағың,Ішпей-жемей балқысын.Әумин.
Той
Берекеміз қашпасын,Белімізді ешкім баспасын,Адал жан болып астасың,Арыңды күлдей шашпасын.Бақыт болса бастасын,Мейманың сірә, таспасын.Тірлікте түзу..
Тойға жақсы бата
Уа, Жаратқан, жарылқа,Бақ-дәулетін аумас қыл!Ала ауыздан алас қыл,Қарғағаннан қалас қыл!Ниеттері ақ болсын,Бейнеттері пәк болсын!Өрендерің ер..
Тойға мұсылманша бата
Бисмиллаһир – рахманир – рахим,Уа, Жаратқан Ием құдірет,Тілегімізді қабыл ет,Иманымызды кәміл ет!Достың көңілін аша көр,Дұшпанның көңілін баса..
Тойға әдемі бата
Ақылың ассын,Ықыласың тассын,Балаң үбірлі болсын,Қызың шүбірлі болсын,Жақының көп болсын,Дұшпаның жоқ болсын,Жақсы келсін қасыңа,Нұр жаусын..
Той батасы
Әумин десең маған,Берейін бата саған.Қатарыңның алды болТең құрбыңның туы бол.Қайырлы болсын тойларың,Орындалсын ойларыңГүлге толсын өңірің,Көңілді..
Тойға бата
Әуелі құдай оңдасын!Тойың-тойға ұлассын!Ризығың мол болсын,Тойларың құтты болсын,Ұл-қыз бақытты болсын!Жұлдызы жоғары болсын,Риза болсын..
Алтын той батасы
Қабыл ғып Алла тілекті,Қуанта берсін жүректі.“Алтын тойым болғай” деп,Тілеумен қанша күн өтті.Тілекті Алла бергені,Тойың өтіп дүбірлеп,Осынша жанның..