Кәрілік туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 38
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 52
Қанатты сөздер жинағы: 20
Әңгімелер жинағы: 4
Аңыздар жинағы: 1

Беттің қызылын кетпестей көрме,Жігіттікті өтпестей көрме,Кәрілікті жетпестей көрме.
©  Шілтерханов Әдіһам
Жастық өтер, кәрілік жетер.
©  Шал Құлекеұлы
Көңілі өсіп мейманасы асқан адам кәрілікті мойыңдамайды.
©  Шал Құлекеұлы
Елу - ердің жасы, жетпіс - оттың басы, сексен - шоқтың қасы.
©  Шал Құлекеұлы
Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,Жетесіз туған..
©  Шал Құлекеұлы
Кәрілік — күлге аунаған кәрі бура.
©  Шал Құлекеұлы
Жас сыны: қырықта — қынаптағы қылыштаймын, елуде - әр қиынға жұмыстаймын, алпысымда — ашқарақ бөрідеймін, жетпісте — шала илеген терідеймін..
©  Шал Құлекеұлы
Елу — ердің жасы екен, алпыс - бір сұмдықтың басы екен.
©  Шал Құлекеұлы
Мейірімділік пен ақыл-кәріліктің қасиеттері. 20 жасында әйел жүрексіз және ашуланшақ болу әлдеқайда қызықты.
©  Рэй Брэдбери
Кәрілік келсе - жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды.
 
©  Саиф Сараи
Қызықшыл дырду өмір — күні бұрын жеткен кәрілік.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Кәріге жігітшілік жараспайды. 
©  Құтып
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен..
©  Жиренше шешен
Он бес жас — құйын қуған желмен тең, жиырма жас — дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес — ағып жатқан селмен тең, қырық бес — аю аспас белмен тең, жетпіс..
©  Жиренше шешен
Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
- Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған:
- Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат..
©  Абай Құнанбаев
Жас та өтер, бірте-бірте кәрі де өтер,
Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.
Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,
Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер...
©  Омар Хайям
Кәрілік екі көзді қызартады,
Сүйектің етін сылып, ұзартады.
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,
Батпандап тізе тұсқа тұз артады.
©  Жамбыл Жабаев
Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.
©  Бауыржан Момышұлы
Жұмысқа жарап тұрғанымда, мен өзімді кәрілердің тізіміне қоса алмаймын.
©  Бауыржан Момышұлы