Газет туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Жұмбақтар жинағы: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 19
Қанатты сөздер жинағы: 7
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 24
Шығармалар жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 1

Қазіргі дүниенің ең ақиқат əрі ең қорқынышты бет-бедері – газет.
©  Элиас Канетти
Журналист — өз газетінде сараланатын жазушы. 
©  Адриан Декурсель
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп қазақтың біртуары Ахмет Байтұрсынұлы айтқан қағиданы біз әрқашан ту еттік.
©  Қайырғали Медет
Газет – журнал көбейсе бәсеке артады. Оқырмандар талдап – талғап оқиды.
©  Қайырғали Медет
Мың жерден тәуелсіз газет болсын, ол, ең алдымен, қоғамды дамытуға, елге қызмет етуі қажет. Бақай есепті газеттің ғұмыры қысқа.
©  Қайырғали Медет
Мен көптеген беймәлім газет пен журналдарға сұхбат беруден бас тартамын.
©  Әлібек Дінішев
Газета - өркениеттің жойылуы мен велосипедтен құлаудың айырымын білмейтін баспасөз органы.
 
©  Бернард Шоу