Аслан қаженов туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Ақын өлеңдері жинағы: 11
Қанатты сөздер жинағы: 25
Туындылар: 1

 Мен вальс дегенге жыным келеді. Ең керемет жерге келгенде бітіп қала береді.
©  Аслан Қаженов
  Өмірдің қадірін шын түсіну үшін өліп көру керек. Жоқ дегенде бір рет.
©  Аслан Қаженов
Мен өмірімде бір ғана адамды «данышпан» ретінде амалсыз мойындап, солай атадым. Өйткені, оның аты Данышпан болатын.
©  Аслан Қаженов
 Бір досым маған ылғи қиялисың деп айтады. Өйткені, өзінің қиялсыз екенін айтқысы келмейді.
©  Аслан Қаженов
  Қоқыс жәшігі – сол үйдің тұрмыстық музейі.
©  Аслан Қаженов
 Біздің топқа Құқық пәнінен беретін апайдың көзі әдемі. Жай айтқаным ғой.
©  Аслан Қаженов
 Адамзат өзінің ойлап таба алмайтын нәрсесін де ойлап тапқан. Оған «ойлап табылмайтын нәрсе»  деп ат қойған.
©  Аслан Қаженов
 Мен философия пәніне барғым келмейді. Ол жерде менің философиямнан артық ештеңе айтпайды.
©  Аслан Қаженов
  Гендерлік саясат толық жеңіске жете алады. Ол үшін еркек атаулы болмау керек.
©  Аслан Қаженов
Ақын болу – жоқ аурумен ауыру. Кемінде өмір бойы.
©  Аслан Қаженов
 Кез келген нәрсе жоғаларының алдында бар болады.
©  Аслан Қаженов
 Бүкіл аудиторияны ең алда тұрған мұғалім мен ең артта отырған студент қана көре алады.
©  Аслан Қаженов
 Париж қаласында Лондон көшесі бар.
©  Аслан Қаженов
 Бір мұғалім айтады:- Сен олай маған мінезіңді көрсетпе! Сенде бар мінез менде де бар!- Әй, қайдам.
©  Аслан Қаженов
 Бір адамның тамағы екі адамға жетеді. Екі адамның тамағы бір адамға жетпейді.
©  Аслан Қаженов
 1 курста Дәулет менің өлеңдерімді оқып, ақын болғысы келмей кетті. Мен Дәулеттің өлеңдерін оқып ақын болғым келіп кетті.
©  Аслан Қаженов
 Шығармаң күлкіге қалмау үшін комедия жанрында жазу керек.
©  Аслан Қаженов
 Мұғалімге Баука романтизм деген нәрсені ақылмен емес, жүрекпен қабылдау деп түсіндіріп еді, мұғалім сол нәрсені жүрекпен емес, ақылмен қабылдап..
©  Аслан Қаженов
 Театрда нағыз қатын болатын қыздармен танысуға болады.
©  Аслан Қаженов
 Барлық жындыларды, қайыршыларды және алқаштарды 18 қараша, яғни, «Бүкіләлемдік философтар күнімен» құттықтаймын.
©  Аслан Қаженов
 Бетховен қазақ болса, мүлде танымал болмас еді.
©  Аслан Қаженов
• Марқабаев фантастика туралы 2 докторлық жаздым деп, фантаст екенін дәлелдеді.
©  Аслан Қаженов
 Дон Жуан Жан-Батист Мольердің кейіпкері ғана.
©  Аслан Қаженов
• Мылқау адамға да тіл байлық керек.
©  Аслан Қаженов
Баука өмірде баланс бар дейді. Яғни, жердің бір жерінде біреу баланс жоқ деп жатыр. 
©  Аслан Қаженов