Өсек туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 18
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 35
Қанатты сөздер жинағы: 15
Әңгімелер жинағы: 6
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Өсек – сені күйдіру үшін таратылады. Егер сен өзің туралы тараған өсекке шындап «күйіп-піссең», онда өсек «авторының» арманы орындалғаны.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Өлі адамның жаманы жоқТірі адамның өсектен аманы жоқ.
Біздің заманымызда сөз қылар ештеңесі жоқ адам ғана өсекке ілінбейді. 
©  Теодор Драйзер
Өспес елдің айтары - өсек, ермегі - төсек болар.
©  Оралхан Бөкей
Сіз тіліңізбен де, көзіңізбен де жамандық жасамау керексіз. Өсек, өтірік, ғайбат айтпаңыз. Көзіңіз тек жақсы дүниені көрсін. Қолыңызбен тек жақсы..
©  Ардақ Назаров
Тас жерде қолдың ұшын бергенді айтшы,Екінің бірі мырза тасқан жерде.Жамандар көре алмаған қылады өсек,Лайық заманында асқан ерді.
©  Ақан Сері
Журналистика – бұл ұйымдасқан өсек.
©  Оскар Уайльд
Өсиетке терең бол,Өсек сөзге керең бол. 
©  Есей би Алдамұратұлы
Арыз-құрыз, жiк, жала, есеп өссе,Бiр-бiрiңдi жоқ қылар өсек өссе,Өз шешеңнiң емшегiн өзiң турап,Итке тастау дегенiң осы емес пе? 
©  Сүйінбай Аронұлы
Өсекші — ел тыныш болса азады. 
©  Абай Құнанбаев
Ұрғашының жақсысының боз жорғадай бұлғаңыҰрғашының жаманының өсек болар құрғаны. 
©  Бұқар жырау
Әзілде кек, өсекте шек жоқ.
©  Мұхтар Әуезов
Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады.
©  Жүсіп Баласағұни