Ат туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️
Басқа: 8
Мақал-мәтелдер жинағы: 181
Жұмбақтар жинағы: 24
Балаларға арналған тақпақтар: 6
Ақын өлеңдері жинағы: 109
Жаңылтпаштар жинағы: 7
Қанатты сөздер жинағы: 19
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 28
Ертегілер жинағы: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 4
Аңыздар жинағы: 20
Эсселер жинағы: 1
«Жігітті жігіт демеңіз,Ат мінбесе қатырып,Жау жеңбесе жапырып...»(Халық аузынан).
Егер сіздер бес сағаттың ішінде жақсы есім ұсына алмасаңыздар, мен компанияның атын Apple (Алма) деп атай саламын.
© Стив Джобс
Киімдерің жарасымды болсын, ат-көліктеріңді жарамды ұстаңдар! Салақ, нашар адамдарға үлгі-өнеге көрсетіңдер!
© Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Ат — жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс — жетім: саятшысы табылмаған, әйел — жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.
© Шал Құлекеұлы
Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі,Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан..
© Қорқыт ата
Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда,Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.
© Қорқыт ата
Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең..
© Қазақтың би-шешендері
Мінген атың арыса — қатарға ену күн болар,Қара көзден нұр тайса — қарға адым жер мұң болар.
© Бұқар жырау
Маған аттар да, кемелер де керек емес. Оларға менің уақытым жоқ. Маған шеберхана керек!
© Томас Эдисон