Көмек туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 6
Балаларға арналған тақпақтар: 8
Ақын өлеңдері жинағы: 11
Қанатты сөздер жинағы: 18
Әңгімелер жинағы: 2
Ертегілер жинағы: 1

Өмір ғажап білгенге,Бәрі асылдан адамның.Жақсы, жаман демегін,Жаман дегендеріңніңКөрерсің бір күн көмегін.
©  Орманова Айнур
Кез келген кітапты бір оқығаннан түсінбеуіңіз мүмкін, сондықтан кітапқа тағы бірнеше мүмкіндік беріп көріңіз. Адамға кітап көмектесу үшін оны..
©  Нарша Булгакбаев
Көрінбейтін адам не өлі не жат саналады, сондықтан жағдайыңыз қандай болса да көрініп қойыңыз, тығылмаңыз, қашпаңыз, сізге көмектеседі. 
©  Нарша Булгакбаев
Көбіміз жаман ойлауға әдеттеніп қалғанбыз және оны женбек тұрмақ қалай күресуді білмеуіміз мүмкін. Жаман ойдан қашу үшін неше түрлі амалдар жасаймыз...
©  Нарша Булгакбаев
Мен үшін ең ұлы қорғаныс аясы және көмек көзі – ұлтымның кеудесі 
©  Мұстафа Кемал Ататүрік
Мен адамдарға көмектесемін деп шештім, бірақ іс жүзінде бұл адамдар маған қарағанда маған көп көмектесті. Олар мені жақсы жаққа өзгертті. Мен өзімнің..
©  Анджелина Джоли
Біреудің сізге көмек беруіне келіскеніңіз - ол сіздің берілгеніңізді білдірмейді, сіздің бұл әлемде жалғыз емес екеніңізді білдіреді.
Ізденістегі балаға — көмек көрсетуге және іздегенін тапқан балаға — білінбеуге дайын болыңыз. 
©  Мария Монтессори
Не керек жатқан байлық судай тасып,Тұрмасаң қалың жұртқа қарайласып. 
©  Әлішер Науаи
Басқалардан көмек сұрауға болатынын әрі керектігін мен ерте үйрендім. Себебі жалғыз өзімнің қолымнан келмейтін істердің бар екеніне көзім жетті.
©  Ник Вуйчич
Көмек көрсеткен қол жалбарынған ауыздан қасиеттірек. 
©  Роберт Ингерсолл
Адамдарға әрдайым ақыл-кеңес керек емес. Кейде көмек көрсететін қол мен барлығын түсінетін жүрек керек.
Неше түрлі сиқырлардың болуы мүмкін. Бірақ өзіне көмектескен адамға ғана Құдай көмектесетінін ешқашан естен шығармаңыз.
©  Стивен Кинг
Әлдекімнен көмек күтіп не басқа бір сәтті тосып отырсақ, өзгеріс өздігінен келмейді. Өзімізді ғана күту керек. Өзгеріс деген – мына өзіміз.
©  Барак Обама
Егер ауру оны қабылдауға ықылассыз болса, ең жақсы дәрi де оған көмектесе алмайды.
©  Мигель де Сервантес
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес.
©  Ермек Өтетілеуов
Дәл қазір қолыңызда өмірдің қиын-қыстау кезеңіне төтеп беруге көмектесетін дүниенің барлығы бар.
©  Брайан Трейси
Жолдасымызға өз қолынан келетін істі жасап беру арқылы көмектесу мүмкін емес.
©  Авраам Линкольн