Бай туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️
Мақал-мәтелдер жинағы: 118
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 86
Қанатты сөздер жинағы: 46
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 73
Ертегілер жинағы: 7
Шығармалар жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 6
Аңыздар жинағы: 18
Жалпы танымал адамдар (жұлдыздар) мен шіріген байлар репутациядан (абырой-беделінің) айрылуына, жеке басының, дүние мүлікінің қауіпсіздігіне қатты..
© Нарша Булгакбаев
Байлар мен танымал адамдар өздерін дәлелдеген тұлғалар ғой деп: «Біз олардың аяғының астында құрдай жорғалап жүруіміз керек, оларды қызғанып емес..
© Нарша Булгакбаев
Сүйікті болу — бай болудан артық, өйткені сүйікті болу — бақытты болу деген сөз.
© Клод Тилье
Бай адам табын-табын мал мен буда-буда ақша жинайды. Адам туралы ойлап, бас қатырып жатпайды: оларды сатып алуға болатынын білгені жетіп жатыр...
© Элиас Канетти
Бай адам қоңыраулы мысық секілді: тышқандар оның қайда, не істеп жүргенін біліп отырады.
© Теодор Драйзер
Қараша үй екен деп,Көп ауылдан қашпаңыз.Тамаша үй екен депБай отауына қадам баспаңыз.
© Байжігіт Тоқтарқожаұлы
Бір қоғамда байда, кедейде күн кешуде, орташа адамның ақшасы азайса аштан өліп қаламын ба деп байбалам салуы не қылық?!!!
© Нұрхалық Абдырақын
Зираттағы ең бай адам болу мен үшін маңызды емес. Маңыздысы — ұйқыға жатар кезде өзімнің расымен ғажап нәрсе істегеніме қанағаттану.
© Стив Джобс
Кедей адам әрқашан үлкен санаттарда ойлайды. Бай адам өте нақты ойлайды.
© Марғұлан Сейсембай
Қанша бай болсаңда жарты аяқ астан артық симайды ішіңе, алып үй салсаңда екі метір жерде жатасың.
© Нұрхалық Абдырақын
"Бай бизнесменнің баласы емеспін""1997 жылы 1-сыныпқа бардым. Сол уақытта үйде ескі буржуй пешпен жылынатынбыз. Үйде жейтін тамақ та болмады. Жалпы..
© Арман Тосқанбаев
Бай болмаған бай болса - жайламаған сай қоймас,Хан болмаған хан болса - жалмамаған тай қоймас.
© Үмбетей Жырау
Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,Жетесіз туған..
© Шал Құлекеұлы
Бақыт пен денсаулық тілемеңіз, сәттілік тілеңіз. «Титаник» жолаушыларының барлығы бай-қуатты болды, ал жолы болғыштары бірнешеу ғана.
© Уинстон Черчилль
Мен бай емеспін, бірақ ақшасы бар жарлымын. Бірақ бұл екеуі бір емес.
© Габриэль Гарсиа Маркес
Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.
© Халел Досмұхамедұлы
«Бай – баймын деп зорланса, кедей – кедеймін деп қорсынса, ол қоғам - әділетсіз.»
© Мархабат Байғұт
Егер бай болу сіздің жалғыз мақсатыңыз болса, онда ол ешқашан орындалмайды.
© Джон Рокфеллер
Егер сіздің жалғыз мақсатыңыз - бай болу болса, онда сіз оған ешқашан жетпейсіз.
© Джон Рокфеллер