Алаш туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 76
Қанатты сөздер жинағы: 9
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 7
Шығармалар жинағы: 5
Аңыздар жинағы: 6

Алашқа жатқан алты елдің,Түпкі атасы Тұраннан.Жаңылмаңдар қазағым,Алаш баба ұраннан! 
©  Қожаберген жырау
Алаштың 100 жылдығына дұрыстап дайындалуымыз керек. Қазір ең бастысы, жақсы жоспар құруымыз қажет... Алаш зиялыларының арманы, оның орындалғаны..
©  Иманғали Тасмағамбетов
Тірі болсақ - алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар!
©  Әлихан Бөкейханов
Бұл болып тұрған заман - Алаштың азаматына зор жүк.
©  Әлихан Бөкейханов
Абай аңсаған «толық адамдары» Алаш көсемдері болды.
©  Нұрхалық Абдырақын
Алаш көсемдері рухани сұраныстарға жауап іздеген данышпандар, олар материялдық қажеттен жоғары тұрған заңғарлар. Сосын да жердегі ит өмірден биік..
©  Нұрхалық Абдырақын
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
©  Міржақып Дулатұлы
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын сонда қайда..
©  Міржақып Дулатұлы
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі.
©  Мағжан Жұмабаев