Әдептілік туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 4
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 7
Туындылар: 1

Құйысқанға қыстырылмау да әдептіліктің белгісі.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Әдептілік, ақкөңіл және сабырлық— жақсы мінездің іргетасындағы үш кірпіш.
©  Илья Шевелев
– Осынша әдептілікті қайдан үйрендің? – дегенде Лұқпан хакім «Әдепсіздерден үйрендім» депті.
©  Өсиет сөздер
Әдептің басы - байқап сөйлеу.
©  Иүгінеки Ахмед
Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі. 
©  Ғабит Мүсірепов
Кісілік пен кішілік- ұлылықтың белгісі. 
©  Махмұд Қашқари
Есті кісі ерегіспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.
©  Кенен Әзірбаев