Мақтаншақтық туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️
Мақал-мәтелдер жинағы: 14
Ақын өлеңдері жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 14
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 1
Ертегілер жинағы: 1
Мақтаныш барлық адамға тән: айырмасы мұны олардың қай жерде және қашан көрсетуінде ғана.
© Франсуа де Ларошфуко
Өркөкіректік мақтаннан бас тартқанның өзінде ештеңе жоғалтпай, ұпайын түгендеп отырады.
© Франсуа де Ларошфуко
Адамдар біздің кісіліктерімізге сенсін дейсіз бе? Ендеше, оларды айтып мақтанбаңыз.
© Блез Паскаль
Барлық мақтаншақтардың басына туар күн: ерте ме, кеш пе, әйтеуір сөзсіз арандайды.
© Уильям Шекспир
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.Күні бұрын жуытпа маңайыңа,Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Өзіне-өзі масаттану мен өзін-өзі дәріптеу – бақытсыздық, ол қасиеттер адамды ақымақ жасайды.
© Карл Либкнехт
Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Мені осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтыламын.
© Ричард Шеридан