Ата туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 104
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 45
Ақын өлеңдері жинағы: 162
Жаңылтпаштар жинағы: 8
Қанатты сөздер жинағы: 23
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 31
Баталар жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 44
Ертегілер жинағы: 4
Поэмалар: 3
Шығармалар жинағы: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 6
Аңыздар жинағы: 6
Эсселер жинағы: 1
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.
© Қорқыт ата
Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.
© Қорқыт ата
Атаңның ботасын алма,Батасын ал,Бота өліп қалады,Батадан бағың жанады.
© Есей би Алдамұратұлы
«Атаңның иықтысы бол; Анаңның сүйіктісі бол. Халқыңа қадірі атқан; Мәртебесі биік кісі бол».
© Тұтқабай Иманбеков
«Атаның наласыан наласынан сақтасын; Баланың шаласынан сақтасын. Қалыпты білмегеннен сақтасын; Халықты тілдегеннен сақтасын».
© Тұтқабай Иманбеков
Бүгінгі Ата, әке, бала сынды осы ғасырда жасап отырған үш ұрпақтың мойнындағы ұлы міндет өз тамырын іздеу, өзін-өзі толық тану, ҚАЗАҚТАНУ болмақ.
© Нұрхалық Абдырақын
Атадан алтау тудым деп — асқынып жауап айтпаңыз,Атамның малы көп-ті деп — атты басқа тартпаңыз.
© Асан қайғы
Атадан жақсы ұл туса – елінің зоры болады,Атадан жаман ұл туса – адам біткеннің қоры болады.
© Қазыбек би Келдібекұлы
Бір бала бар — атасына жете туады,Бір бала бар — атасынан өте туады,Бір бала бар — көтінен кері кете туады.
© Қазыбек би Келдібекұлы
Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.
© Сырым Датұлы
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.