Сұлулық туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 83
Қанатты сөздер жинағы: 25
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 3
Аңыздар жинағы: 1

Жарық адамның сұлулыққа деген көзін ашады – бірақ ол, сол сияқты, сиықсыздықты да əшкерелеп береді.
©  Лев Шестов
Әйел адам сұлулық пен нәзіктіктің, ер адам - ірілік пен күш-қуаттың өкілі бола тұра, махаббат мәселесінде әйелдерге қарағанда ерлердің тұрақсыз..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Кіл таза сұлулық, кіл таза үлгісі.
©  Александр Пушкин
Тірі жан атаулыда әйел тек әйелден ғана қорқады, қорыққанда да ақылдысы мен сұлуынан. 
©  Теодор Драйзер
Өмір енді бір мағынада шыраққа ұқсайды: оған жақындаған сайын оны көру қиын. Өмір сұлулығын танығымыз келсе алысырақ тұрып күзетейік. 
©  Артур Шопенгауэр
Қыздың сұлулығын емес, жүрегін сүю барлық жігіттердің қолынан келе бермейді.
Менің жасымда бетті, әжімдерді бақылау керек. Сонымен қатар, мен актрисамын, жас емес екеніне қарамастан, әрқашан батыл және қызықты болуым керек.
©  Роза Рымбаева
"Сұлулық үшін үш шарт қажет: тұтастық, үйлесімділік, жарықтық.“
©  Джеймс Джойс
Міне, олар Мен туралы сұлулыққа мән бермейтін ойыншы ретінде айтады. Олай емес. Ойын барысында әркім сұлулықты әртүрлі нәрселерде көреді. Маған..
©  Магнус Карлсен
Сұлулыққа құмартып, бағалай білген жаман ба? Мен де жақсы көрем сұлулықты. Несін жасырайын, сұлу сұлу әйелдерді де бағалай білем.
©  Алдияр Бақытжан
Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай қажет болады. 
©  Франсуа де Ларошфуко
Сұлулықтың салтанаты да гүлдің күніндей қысқа болады. 
©  Әл-Хорезми
Сұлулықтан да зекет алу керек. 
©  Әл-Хорезми
Болған шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы ұшқырлығы бар. 
©  Ғабит Мүсірепов
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді. 
©  Ғабит Мүсірепов
Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы. 
©  Ғабит Мүсірепов
Балғын шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы, ұшқырлығы бар. 
©  Ғабит Мүсірепов
Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі. 
©  Ғабит Мүсірепов
Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы. 
©  Ғабит Мүсірепов
Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді.
©  Бөкен би
Сұлулық деген - бақытты уәде ету.
©  Стендаль Фредерик
Адам бойындағы әсемдік пен сұлулықты, организм мен денсаулықты ұштастыра дамыту жөніндегі түсініктен бөліп қарау ақылға сыймайды.
©  Николай Чернышевский
Егер көбелектің сұлулығын сезінгің келсе, оған қол тигізбе.
©  Пабло Пикассо
Қарапайымдылық — моральдық сұлулықтың басты шарты.
©  Лев Толстой