Қиянат туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 13
Қанатты сөздер жинағы: 11
Әңгімелер жинағы: 1
Поэмалар: 1
Эсселер жинағы: 1

Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға – сен қиянат жасама.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Зорлық, қиянат, қанішерлік жоғалып, бір заманда адам баласы бірін-бірі маңдайға шертпейтін, жер жүзіне ұжымақ орнайтын шақ бола ма, жоқ па?.. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Қанағатсыз билердi қабан деген,Қамшылатқан жүйрiктi шабан деген.Бiреудiң ақысына зорлық қылған,Қиянат қияметте жаман деген. 
©  Ормамбет би
Аманатқа қиянат жасама. Құпияға бекем бол. 
©  Михаил Лермонтов
Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат. 
©  Шерхан Мұртаза
Қиянат қылма адамға - таза еңбек істе заманға. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қиянатқа көнбе, әділдікке атса да көн.
©  Мұхтар Әуезов
Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау.
©  Шыңғыс Айтматов