Ана тілі туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 2
Балаларға арналған тақпақтар: 12
Ақын өлеңдері жинағы: 78
Қанатты сөздер жинағы: 23
Әңгімелер жинағы: 5
Шығармалар жинағы: 8
Эсселер жинағы: 5

Адамды Отанмен байланыстыратын барлық жіптердің ішіндегі ең мықтысы — Ана тілі.
©  Илья Шевелев
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына… 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Ана сүті - бой өсіреді,Ана тілі - ой өсіреді.
©  Омар Жәлел
Ең өзекті мәселе – ана тілі, қазақ тілі жөнінде болмақ. Осы 25 жыл ішінде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін мемлекет біршама іс атқарды деп..
©  Иманғали Тасмағамбетов
Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.Өз тілін білмей тұрып..
©  Халел Досмұхамедұлы
Әкім нашар сөйлесе,Ақын нашар сөйлесе,Ана тілде кінә жоқ.
©  Белгісіз
Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас..
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Өз ана тілін менсінбейтіндер — өз ұлтын үш рет өлтіргендер. 
©  Георг Гегель
Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған..
©  Шерхан Мұртаза
Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі..
©  Ғұмар Қараш
Жалпы өнер білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һәм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір..
©  Ғұмар Қараш
Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. 
©  Ғабит Мүсірепов
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. 
©  Ахмет Жұбанов
Ана тіліне немқұрайлы қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз. 
©  Константин Паустовский
Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын..
©  Мұхтар Әуезов
Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
©  Мұхтар Әуезов
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
©  Мұхтар Әуезов
Ана тілі
Ананың құнар сүті ғой,
Ғұмыр бойы сен еметін.
Ана тілі
Халқыңның ырыс-құты ғой,
Игілігіңе кенелетін.
©  Мұзафар Әлімбаев
Егер біреумен түсінікті тілде сөйлессең, тіл табыса аласың. Ал, оның ана тілінде сөйлер болсаң, ол сені жүрегімен түсінеді.
©  Нельсон Мандела
Ана тілім менің. Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім де сенсің, сені мақтан етем.
©  Расул Ғамзатов
Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.
©  Бауыржан Момышұлы