Қиын туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 4
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 22
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 29
Әңгімелер жинағы: 3
Аңыздар жинағы: 1

Ең қиын жол – ең төте жол болып шығатын жағдайлар жиі кездеседі. 
©  Альфред Адлер
Өзіңді алдамаудан қиын ештеңе жоқ.
©  Лиюдвик Витгенштейн
Күйінген кезде күйремей қалуың қиын.
©  Жорж Батай
Ең оңай нəрсені суреттеу қиынның қиыны: солай болған жəне солай бола да бермек.
©  Роберт Вальзер
Әрқашан ең қиын жолға түсіңіз ─ ол жолда бәсекелестеріңізді жолықтырмайсыз. 
©  Шарль де Голль
Олар әлем қарапайым жауаптар үшін тым қиын болды дейді. Олар қателеседі.
©  Рональд Рейган
Ұсақ қателiктерден iрi кемшiлiктерге өту қиын емес.
©  Сенека
Алыстан кедейлiктiң алдынан шық,Төбесi көрiнген соң қиын болар.
©  Шал Құлекеұлы
Еріншектік барлық жұмысты қиындатады
©  Бенджамин Франклин
Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.
©  Әлихан Бөкейханов
Қиын нәрселерді қиынға қалдыра берсең ,қиындай береді.
©  Белгісіз
Тағдырың саған жаулықпен емес, теріс қарамай, оң қабақ танытқанда өзіңді лайықты ұстап жүру - қиынырақ. 
©  Франсуа де Ларошфуко
Ең қиын шаруаны таңғы асқа дейін тындырамын. Төсектен тұрамын. 
©  Фаина Раневская
Саған қиын болған кезде, әрқашан өзіңе есіңе сал, егер сен берілсен, жақсы болмайды.
©  Майк Тайсон
Арлы адам - ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтан оның..
©  Дидахмет Әшімхан
Менің даңқым әрқашан мені қуып жетеді, мен бір жерге бара алмаймын, бұл өте қиын және кейде тітіркендіргіш. Бірақ мен қайырымдылықпен айналысқан..
©  Криштиану Роналду
Ақша шiркiн майдаланса тиын ғой,Адам бірақ майдаланса қиын ғой. 
©  Сырбай Мәуленов
Мен 33 жыл өнертапқыш-кәсіпкер болып қызмет еттім. Және менің өз тәжірибиемде байқағаным, Құдай бізге жіберген әрбір қиын мәселенің артында шешімін..
©  Томас Эдисон
Дүниедегi ең оңай нәрсе — кiсiге ақыл айту, ең қиыны өзiңдi-өзiң түсiну.
©  Әл-Фараби
Ең қиын үш нәрсе: Сыр сақтау, қорлықтарды ұмыту және уақытты дұрыс пайдалану.
©  Саади Ширази
Шатақ мінезді болғаннан гөрі қарапайым болу әлдеқайда қиын.
©  Джон Рескин
Маңызды нәрселерді айту ең қиын.
©  Стивен Кинг
Ерлік қауіп-қатермен жарыса өршиді: неғұрлым қиын тиген сайын, соғұрлым күш те арта түседі.
©  Фридрих Шиллер