Әділет туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 5
Ақын өлеңдері жинағы: 11
Қанатты сөздер жинағы: 13

Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек 
©  Константин Ушинский
Көз құлаққа қарағанда әділ куәлік етеді. 
©  Гераклит
Әділет өтірік пен жалған куәлік көрсетуді жеңетін болады.  
©  Гераклит
Қара қылды қақ жарған әділді айт. 
©  Бұқар жырау
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шенеунік ісін қылмаңыз - әділет жолын таңдаңыз. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Әділетсіздікке бейтарап болу мүмкін емес. Әділетсіздікпен не күреседі, не серіктес болады. 
©  Альберт Камю
Бәрі де уақытша немесе әділетті. 
©  Сергей Довлатов
Әділет тілесе – атамның да айыбын айтам.
©  Мұхтар Әуезов
Заманның көз сал халіне.
Халқыңның ойла пайдасын,
Өзің үшін налыма...
Басыңды тік бәйгеге,
Бір халқыңның қамына...
Қиянаттан бой тартып,
Шық..
©  Міржақып Дулатұлы
Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
©  Спандияр Көбеев
Әділетті болу үшін алдымен мейірбан болу керек.
©  Омар Хайям
Ақын ғаріп емес пе,
Байды өтірік мақтаса.
Заман ғаріп емес пе,
Әділеттен аттаса.
©  Жамбыл Жабаев