Абай өсиет сөздері туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Қанатты сөздер жинағы: 5

Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің. Бағың өскен соң өзің ғана тілейсің.
©  Абай Құнанбаев
Биік мансап – биік жартас. Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады. Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды.
©  Абай Құнанбаев
Егер де ісім өнсін десең, ретін тап.
©  Абай Құнанбаев
Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың..
©  Абай Құнанбаев
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
©  Абай Құнанбаев