Өсиет сөздер туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️
Мақал-мәтелдер жинағы: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 38
Орынды зіркілдеу – сабақ, орынсыз зіркілдеу – азап.Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.
© Өсиет сөздер
Ай мен жұлдыз болмаса, қараңғы түнде адамдар адасар еді. Өнер дүлдүлдері болмаса, мына күйбең тіршілікте адамдардың көңілін кір басар еді.
© Шерхан Мұртаза
Жаның ауырып тұрса да, күлімдеСенің жағдайыңды өзіңнен басқа ешкім түсінбейді...
© Өсиет сөздер
Бес күн, мына жалған тіршілікте, қолымыздан келгенінше, бір-бірімізге тек жақсылық жасайықшы.
© Өсиет сөздер
Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу – мол дүние жиып, оның керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей
© Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,Әуре етеді ішінде қулық сақтап.Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,Еңбегің мен ақылың екі жақтап (Абай).
© Өсиет сөздер
– Осынша әдептілікті қайдан үйрендің? – дегенде Лұқпан хакім «Әдепсіздерден үйрендім» депті.
© Өсиет сөздер
Әркімнің ішкі нұр сәулесінің үш аты бар, ол: еңбекқорлық, жақсылық, кішіпейілдік.
© Өсиет сөздер
Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады
1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды.2. Елді басқарған өкіметті сыйламау – ел ішінің бірлігін жояды.3. Асты күтпей ысырап..
© Өсиет сөздер
Бүгін сағы сынды деп жақсыны басынба,Қиын қыстау күн туса - сол табылар қасыңнан.
© Қазыбек би Келдібекұлы
Адамның қолы қанат емес, ұшуға арналмаған. Ұшып жүргендерді атып түсіру оңай деуші еді, қаңғыған оқ, қаңғырған аңшыдан сақтан, жарығым
© Оралхан Бөкей
Кітап әлемінен алыстаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт. Жас өскінді кітапқа тебіреніспен қарайтындай етіп тәлімдеп, тәрбиелеуге қол..
© Мархабат Байғұт
Адамның айтқан мың сөзінен гөрі, жасаған бiр iсi оның қандай екенін көрсетіп береді.
© Өсиет сөздер
Қолымнан келсе ысырар едім уақытты артқа,Оралғым келеді алаңсыз балалық шаққа !
© Өсиет сөздер
"Жақын" деген достарым, күн өткен сайын "жәй таныстарыма" айналып бара жатқандай...
© Өсиет сөздер
Күлкісіз өмір қызық емес!Махаббатсыз өмір мәнді емес!Достарсыз өмір мүмкін емес...
© Өсиет сөздер
Мен қанша биікке көтерілсемде өз халқымнан төмен екенімді ұмытқан емеспін!
© Дінмұхамед Қонаев
Дүние мен ақырет батыс пен шығыс сияқты. Біріне жақындасаң, екіншісінен ұзайсың.
© Өсиет сөздер