Ғалым туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 14
Балаларға арналған тақпақтар: 11
Ақын өлеңдері жинағы: 33
Қанатты сөздер жинағы: 14
Әңгімелер жинағы: 9
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 5
Эсселер жинағы: 2

Данышпандар мен ғалымдар — біз қарайтын өмірге басқаша қарайды. Олар ерекше ойлау қабілетіне ие. 
©  Нарша Булгакбаев
Ғаламның бар жұмбағын шешетін жалғыз ғана адам болмайды. Соны шешу жолындағы бірнеше ғасырларға жалғасқан Ғалымдар мен Даналар тізбегі болады. 
©  Нарша Булгакбаев
Заңына құрмет етпеген елдің залымы көбейеді,Ұлыларын ұлықтаған елдің ғалымы көбейеді.
©  Жәди Шәкенұлы
Елден ғалымдар, инженерлер, дәрігерлер, ақыл-ой иелері кетсе, сол елдің сәні – интеллигенция құриды. Ондай елде бизнесмендер билікке келеді, көшедегі..
©  Харс Йенсен
Қайратсыз ашу – тұл, қайғысыз ақыл – тұл. Тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл.
©  Абай Құнанбаев
Көз майын таусып жылдар бойы жазған жас ғалым еңбегінің ішкі мәніне қарамай, ауысып кеткен жалғыз үтіріне қадалып, бар жұмысты жоққа шығаратындар..
©  Нұрхалық Абдырақын
Ғалымның қатесі кеме капитанының қатесіне ұқсайды. Кеме батса онымен бірге қаншама адам да батады. 
©  Мауәрди
Еңбегі жоқ ғалым - балы жоқ ара тәрізді.
 
©  Саиф Сараи
Ғалым кез-келген болжамды тыңдауға тырысатын адам болуы керек...
©  Майкл Фарадей
Кейбір ғалымдардың бастары толы ми, ми толы ақыл. Әттең, со ақылды айта алар тіл жоқ. 
©  Ғабит Мүсірепов
Білмегенді сұрап үйренген — ғалым, арланып сұрамаған — өзіне залым. 
©  Әлішер Науаи
Еңбексіз ғалым — жеміссіз ағаш секілді.
©  Саади Ширази
Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін..
©  Қаныш Сәтбаев
Кiтаптардан көп нәрсенi бiлген адам — ғалым, өз уақытында ең көп тараған бiлiм мен әдiстердiң бәрiн үйренген адам — бiлiмдi, өз өмiрiнiң мағынасын..
©  Лев Толстой