Ақы туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 15
Ақын өлеңдері жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 7
Әңгімелер жинағы: 6

Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға – сен қиянат жасама.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Қанағатсыз билердi қабан деген,Қамшылатқан жүйрiктi шабан деген.Бiреудiң ақысына зорлық қылған,Қиянат қияметте жаман деген. 
©  Ормамбет би
Емшілер кеседі, күйдіреді, ауыруды қинайды, сосын осы жұмысы үшін ақы алады. 
©  Гераклит
Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.
 
©  Саиф Сараи
Ақың болса біреуде, айыбын тап та ала бер: ерегісіп ұрыспа, жөн болса да, атың шықпас дұрысқа.  
©  Асан қайғы
Сұғанақ болып бiреудiң ақысын жеп, жерiн даулап, елiн жаулап алайық деуден аулақ бола тұрып, сыбағаңнан, өзiне тиесiлi игiлiктен айрылу —..
©  Шерхан Мұртаза
Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. 
©  Әлішер Науаи