Бақыт туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 52
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 473
Қанатты сөздер жинағы: 192
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 17
Ертегілер жинағы: 7
Поэмалар: 4
Шығармалар жинағы: 3
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 15

Егер Құдай сені бақытты еткісі келсе, қиын жолдармен жүргізеді. Өйткені бақытқа оңай жолмен жету мүмкін емес.
©  Далай-Лама
Бәрінен де тек қана өзіне бағынышты адам бақытты.
©  Цицерон
Қолынан келетін, істеуге тиісті ісін істей алатын адамды бақытты, әрі тамаша адам деуге болады.
©  Леонардо да Винчи
Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.
©  Бауыржан Момышұлы
Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды табармыз.
©  Платон
Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.
©  Аристотель
Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.
©  Аристотель
Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек.
©  Элберт Грин Хаббард
Адам өзіне-өзі неғұрлым мәз болса, оның бойында мәз боларлық нәрсе соғұрлым аз болғаны.
©  Лев Толстой
Арада махаббат оты бар неке ғана бақытқа кенелтеді.
©  Лев Толстой
Бақыттылық әрқашан қалағаныңды iстеу емес, оның мәнi iстеп жатқаныңды әрдайым қалаудан көрiнедi.
©  Лев Толстой
Бақытты отбасылар бір-біріне ұқсас келеді. Ал әр бақытсыз шаңырақтың өзіне тән қиындықтары бар.
©  Лев Толстой
Қайғы-қасiреттi бастан өткiзiп үйренген адам бақытсыз бола алмайды.
©  Лев Толстой
Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.
©  Бауыржан Момышұлы
Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
©  Мұқағали Мақатаев
Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
©  Мұқағали Мақатаев