meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Дұшпаның болмаса – өшпенділіктің де не екенін терең сезіне алмайсың: мақсатынан, яғни, дұшпанға тойтарыс беруден тыс кекшілдікті де көз алдыңа..
©  Альфред Адлер
Біз барлық ашушаң, кекшіл, кесапатшыл тіршілік иелерінің бəрін адамзаттың жаулары мен қоғам жауларының қатарына қосуымыз керек!
©  Альфред Адлер
Қателеспейтін кісі жоқ, маңызды нəрсе – сол қателерді жоюға болатындығы.
©  Альфред Адлер
Қысқа шаш қоюдың сəнге айналуы – бар болғаны əйелдің ер адаммен арасындағы сыртқы айырмашылықтарды жоюға деген тілегінің көрінісі ғана.
©  Альфред Адлер
Адамдар кейде қарсы жүріп келіп жатып та – бір-бірімен жүздеспей өте шығады, екеуара сөйлесіп тұрып та – ешкімге арнамай сөйлей береді.
©  Альфред Адлер
Адамдар қиындықты ақылмен жеңеді.
©  Альфред Адлер
Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ – сондықтан да біздің əрқайсымыз да төңірегімізге танылар психологиялық бейнемізді қолдан əлеміштеуге..
©  Альфред Адлер
Өзі таныла алмаған, біреуге күшпен таңылуға тиісті бедел біткеннің бəрі ойдан шығарылған болып шығады.
©  Альфред Адлер
Өтірік – ақиқатты айтуға батылдық жетпеуімен тікелей байланысты құбылыс.
©  Альфред Адлер
Жалқаулық – шынтуайтына келгенде, қиындықтар мен проблемалық жағдайлардан қорғалақтап қашу.
©  Альфред Адлер
Адам өзінің қарапайым міндеттерін орындаудан бас тартқысы келген кезде өз интелектісін зорықтырады.
©  Альфред Адлер
Шешен ойынан жаңылып, сөзін жалғай алмай қиналған кезде бүкіл аудитория өзін ыңғайсыз сезініп, қысылып отырады.
©  Альфред Адлер
Əркім өзінше жасампаздық танытады: түрлі жағдайлар мен мүмкіндіктерден əлдебірдеңе ойлап шығарады.
©  Альфред Адлер
Қай ерке баланы болсын алдында аластатылғандар таланы күтетінін ұмытпаған жөн.  
©  Альфред Адлер
Өмірдің əр саласы адамның алдына басқа салалардың да мүддесін ескере отырып жүзеге асыруға тиісті міндеттер қояды.
©  Альфред Адлер
Сəтті аяқталатын сиқырлы ертегілердің қай-қайсысы болсын – адамзаттың бақытты болашаққа деген үміті ешқашан əлсіреп көрмегендігінің дəлелі.
©  Альфред Адлер
Əлеуметтік прогресс тарихы – адамның жоқшылық пен кемшіліктен арылу жолындағы ортақ қызметінің тарихы.
©  Альфред Адлер
Адамның шынайы өмір салты қиын жағдайларда анық байқалады.
©  Альфред Адлер
Ақиқат əлдебір «шексіз міндет» тəрізді мəңгі еліктіреді де тұрады, бірақ қол жеткізбейді.
©  Альфред Адлер
Теңеуге жүгіну – өзіңді де, өзгелерді де алдаудың ең бір тəуір түрі. Теңеуге үйір адам басқаларды дерек пен қисын арқылы иландыруға қабілетсіз келеді.
©  Альфред Адлер
Сәттіліктің соңынан жүгіре бермей, бақытыңызды бағалаңыз.
©  Арман Тосқанбаев
Айналаңызда жақсы адамдардың көп болуы - сізді жетістікке апаратын жол.
©  Арман Тосқанбаев
Аз-аздан істесеңіз де, үнемі сол әрекетіңізді жетілдіріп отырыңыз.
©  Марғұлан Сейсембай
Маған Анам: "Біз қайда болсақ, - бақыт сонда", - деп үйреткен.
©  Арман Тосқанбаев