Òmeta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Өмір жолын таңдауда қателікке ұрыну – өмірдің өзіне қатер төндіруі мүмкін.
©  Альфред Адлер
Баланың ойынын бұзу – оңай шаруа емес.
©  Альфред Адлер
Көзін төмен салып, мүлəйімси қалу – тастай қашуға əзірліктің белгісі.
©  Альфред Адлер
Біреулер басқалардың пікірінің салмағын асыра бағалауға үйір келеді, ал енді біреулер болса – тек өз пікірлері ғана дұрыс деп қасарысып тұрып алғыш...
©  Альфред Адлер
Міндетті бас шұлғушылық – сырттай бас шұлғушылық.
©  Альфред Адлер
Қоғамдық өмір адам бойындағы жетіспеушілік сезімін жоюға көмектеседі.
©  Альфред Адлер
Жүрек айныр жеккөрушіліктен басқа ешбір сезімді осыншалықты оңай ойдан туғыза алмайсыз.
©  Альфред Адлер
Біздің ешқайсымыздың да бойымызда таза ақиқат туралы білім жоқ. Мұндай білім ғылымның өзінде де жоқ.
©  Альфред Адлер
Ешкім де көргенінің бəрін бірдей қалт жібермей жадына құйып ала алмайды.
©  Альфред Адлер
Осыған дейін ешкім де аяғы аспаннан салбырап түскендей ешбір қателікке ұрынбай, ересектікке топ ете қалған жоқ.
©  Альфред Адлер
Үнемі кіші əрі əлсіз бола беру ешбір балаға ұнамайды.
©  Альфред Адлер
Адамның қайталанбас қасиеттерінің ең зор көрініс табатын жері – оның қиялы.
©  Альфред Адлер
Қиындықты сабырмен жеңе алмау кісіні шыдамсыз етіп жібереді.
©  Альфред Адлер
Адами құштарлықтар мен жеңістер астарында жетіспеушілік жатыр.
©  Альфред Адлер
Өзін өзі жақсы білетін жəне өзінің іс-қимылын талдауға қабілетті адам сирек ұшырасады.
©  Альфред Адлер
Бүкіл жай-жапсарын білмей тұрып ненің əдейі, ненің қасақана жасалғанын кесіп-пішу мүмкін емес.
©  Альфред Адлер
Басқалармен барлық байланысы шарт үзілген адамды көз алдыңа келтірудің өзі қиын.
©  Альфред Адлер
Іс жүзінде біреуге жол бере қоятын адамды табу қиын: ол – адам табиғатына жат нəрсе.
©  Альфред Адлер
Көзге шөп салу – кек алумен пара-пар.
©  Альфред Адлер
Біздің ақыл-ойымыз жекелеген ауыспалы ырғақтарды жадына берік ұстап қалады да, толық əуенді тұтастай бойға сіңіре алмайды.
©  Альфред Адлер
Біз маңайымыздағыларға қатысты жиі ағат қадамдар жасаймыз, біздің олар туралы пікірлеріміз де көбіне-көп шындыққа жанаса бермейді.
©  Альфред Адлер
Басқаға ықпал етудің тиімділігі ол өз құқықтарының сақталатынына сенімді болған жағдайда арта түседі.
©  Альфред Адлер
Қылмысқа тосқауыл қоюдың ең жақсы тəсілі – жұртты «қылмыс деген – өзіңнің сужүректігіңді көп алдында паш ету ғана» дегенге иландыру.
©  Альфред Адлер
Назар оятудың ең басты шарты – дүниеге деген шынайы жəне терең қызығушылық сезімнің болуы.
©  Альфред Адлер
Біз кез келген сəбиді «талантты тұлға» деңгейіне көтереміз деп артық мақтана алмаймыз, бірақ «дарынсыз» ересек адам жасап шығара алатындығымызға еш..
©  Альфред Адлер