Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Ұрық пен ажал тəн тіршілігінің кеңістіктегі орнын шектейді: ұрық – күнə, ал ажал – жаза рөлін атқарады.
© Освальд Шпенглер
Діни өсиеттерге сəйкес өмір сүру дегеніміз – тоқтаусыз құрбандықтар шалу тізбесі.
© Освальд Шпенглер
Өмір ойлаусыз-ақ тіршілігін жалғастыра береді: ойлау – өмір сүрудің бір түрі ғана.
© Освальд Шпенглер
Жануарлар əрбір қауіп-қатерден жеке-жеке үркеді, ал ежелгі адамдар бүкіл əлем төндірген қауіп-қатердің қорқынышын көтере алмай дірілдеген.
© Освальд Шпенглер
Этнография біткеннің даңқұмарлығының жемісі – нəсілдерді бөлшектеу мүмкін емес.
© Освальд Шпенглер
Сұрақ қою мен оған жауап алатындығына сенімділіктің арасында айырма ұшан-теңіз.
© Освальд Шпенглер
Адам – ойлауға қабілетті болмыс болғанның өзінде де, бəрібір бар тіршілігі тек қана ойлаудан тұратын болмыс болудан айтарлықтай алыста тұр.
© Освальд Шпенглер
Египеттіктер жойылып кету дегенді жоққа шығарады. Антика адамдары оны өз мəдениеттеріне тəн түр біткеннің бəрінің тілінде дəлелдеп баққан.
© Освальд Шпенглер
Егер ақиқаттар əлемінде бəрін дерек шешетін болса, деректер əлемінде бəрін табыс шешеді.
© Освальд Шпенглер
Егер жолын қуғандар арасында халық – тек объект, ал идеалдар – тек құрал ғана деп ойламайтын шын мəнінде тегеуірінді тұлғалар кездеспегенде..
© Освальд Шпенглер
Теоретиктердің ең үлкен қатесі – олар өздерінің орны ұлы оқиғалар керуенінің ішінде емес, оқшау тұрған биік шың басында деп ойлайды.
© Освальд Шпенглер
Басқа адамдар үшін басқа ақиқаттар бар. Ойшыл үшін олардың бəрінде мағына бір немесе ешқайсында да мағына жоқ.
© Освальд Шпенглер
Тарихи шындықта идеалға орын жоқ. Онда тек деректер ғана болуға тиіс. Ешқандай ақиқат деген жоқ, деректер ғана бар.
© Освальд Шпенглер