meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Шіркеу қызметкері дегеніміз – түсіндіруші, ал əйел – сəуегей: ол уақыттың өзі болып сөйлейді.
©  Освальд Шпенглер
Ештеңеге тұяқ тіремеген еркін ойлау болмайды.
©  Освальд Шпенглер
Тілден оқ бойы озық тұрған ең таза рəміз – кешқұрым өз үйінің алдында шүйіркелесіп отырған шаруа қарттар жұбы.
©  Освальд Шпенглер
Римдіктер тіпті де əлемді жаулап алған емес: олар тек кез-келген үшін дайын олжа күйінде жатқанға ие бола кетті.
©  Освальд Шпенглер
Жоғары мəдениеттер діні – артық дамыған діндер емес, тек басқа діндер ғана. Қарапайым діндер бұлт пен жел тəрізді отан дегеннің не екенін білмейді.
©  Освальд Шпенглер
Қайта өрлеу (ренессанс) қарсыласудан туған.
©  Освальд Шпенглер
Біз тірі организмнің қиындықтан құтылу, жеңіске жету, жоққа шығару жəне, тіпті, тіршілікті жою кездеріндегі күйін – дін деп  атаймыз.
©  Освальд Шпенглер
Бала тілі шықпай жатып-ақ сөйлей бастайды.
©  Освальд Шпенглер
Өсімдік дегеніміз – өсімдік қана, ал жануар – өсімдік жəне оған қоса тағы бірдеңе.
©  Освальд Шпенглер
Өсімдік ұрықтанады, бірақ тумайды. Ол өмір сүреді, бірақ өмірінде ояну, сезім əлемін ашатын алғашқы күн жоқ.
©  Освальд Шпенглер
Өсімдік өзінің өмір сүріп жатқанын білмей-ақ өмір сүреді.Жануар өмір сүріп жатқанын біліп өмір сүреді. Адам өз өміріне таң қалады да, соған орай..
©  Освальд Шпенглер
Шын өмірді тану мүмкін емес, сүру керек.
©  Освальд Шпенглер
Өсімдік тамыр тартқан жерінде өледі.
©  Освальд Шпенглер
Айырмашылық – ілімнің мəңгілігі мен өтпелілігінде тұрған жоқ, сол ілімнің біршама уақыт өміршеңдік таныта ала ма, əлде  өлі туған ба – мəселе сонда..
©  Освальд Шпенглер
Өнер туындысының да жаны болады.
©  Освальд Шпенглер
Өнер туындысы дегеніміз – əлдебір шексіздік: оған бүкіл əлем сиып кетеді.
©  Освальд Шпенглер
Табиғатты ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек, ал тарихты түсіндіру үшін поэтикалық творчество қажет
©  Освальд Шпенглер
Уайым- денсаулықтың жауы.       Гүлсім Сатыбалды.
©  Гүлсім Сатыбалды
Барыңды бағалау -Бақыт.Көрмеу- қасірет! Гүлсім Сатыбалды
©  Гүлсім Сатыбалды
Дауыс / Харизма / Ораторлық шеберлік біздің өміріміздегі ең мықты инструмент. Бұл навыктар өмірде кез келген ортада сыйлы болуға, ал бизнесте кез..
©  Алишер Теменов
Қарабайыр Мəскеу патшалығы – қазір де орыс рухына өзгеше сай келетін жалғыз форма.
©  Освальд Шпенглер
Бытыра мен кітап басу – бір текті құбылыстар.
©  Освальд Шпенглер
Ескі жəне жаңа білімнің кереғарлығы пікір əлемінде тек салыстырмалы түрде ғана дұрыстық қалдыруға апарып соғады.
©  Освальд Шпенглер
Табиғатты тануды – үйренуге болады: ал тарихтың білгірі болып – туу керек.
©  Освальд Шпенглер
Танымда арман мен түс араласып келіп отырады.
©  Освальд Шпенглер