Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Шаруа адамының өмірінде оның үйі қандай маңызды орын алса, мəдениетті адамның өмірінде қала да сондай орын алып келеді.
© Освальд Шпенглер
Сайлау құқы неғұрлым жалпы болса – электораттың билігі солғұрлым тапшы болады.
© Освальд Шпенглер
Дерекке сүйенген адам мен ақын екеуі – бір-бірін ешқашан да түсіне алмайды.
© Освальд Шпенглер
Іс адамы дегеніміз – мақсаткер адам, ал ой адамының əрбір мүшесі тəн дегенді көзге де ілмей, тіпті оған қарама-қарсы өзінше əрекет жасауға ұмтылады.
© Освальд Шпенглер
«Пайда» деген сүйкімді сөзге айналды, оның көмегімен өркениетгі ақыл бүкіл ғаламды жұтып барады.
© Освальд Шпенглер
Толстойдың христиандығы – түсінбестік еді: ол Марсті ойлап отырып, Христос туралы сөйлеген.
© Освальд Шпенглер
«Адамзат» дегенде ешқандай мақсат, ешқандай идея, ешқандай жоспар жоқ: көбелектер мен орхидея гүлінде мақсат жоғы тəрізді. «Адамзат» деген – бос сөз.
© Освальд Шпенглер
Əр мəдениеттің өз балалық шағы, жастық шағы, ересек шағы мен кəрілігі бар.
© Освальд Шпенглер
Сөз тілінде өтірік айтушы адам – онысын, оған өзі мəн бермесе де, ишарат тілінде де сездіріп қояды.
© Освальд Шпенглер
Өлі формаларды түсіну құралы – математика заңдары. Тірі формалардың есін жиғызатын құрал – салыстыру.
© Освальд Шпенглер
Социализм – сыртқы əлеміштеріне қарамастан – ізгілік, адамгершілік, бейбітшілік пен қайырымдылықтан тұратын жүйе емес, билікке қол жеткізуге деген..
© Освальд Шпенглер