meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Кездейсоқ өсу қашан да таң қаларлықтай əсер етеді.
©  Элиас Канетти
Тек кейін қайтар жол іздеп табу үшін жəне оны басқалардың бəріне тайға таңба басқандай етіп таныту үшін ғана құрдымға кетеді.
©  Элиас Канетти
Біздің санамызда өткеннің бəрі ғасыр-ғасырға бөлініп қойылған: олардың маңында басқа ештеңеге орын жоқ.
©  Элиас Канетти
Үндемес өзінің шын елден бүгін жүргенінен əлдеқайда артық сезік туғызады.
©  Элиас Канетти
Меланхолия кезінде адам өзін-өзі əбден тұйыққа тіреліп, алқымнан алғандай сезінеді.
©  Элиас Канетти
Қазіргі билік – қай кездегіден де құдіретті əрі қай кездегіден де қарғыс атқан билік.
©  Элиас Канетти
Кешірім жасау билігі дегеніміз – баршаға құзыреті жүретін жəне əркімге тонның ішкі бауындай жақын билік.
©  Элиас Канетти
Ең тереңдегі, жануарлар деңгейіндегі, билікті билік емес зорлық деп атаған жөн.
©  Элиас Канетти
Билік өзіне үш қайнаса сорпасы қосылмайтындардың да басын шыр айналдырады.
©  Элиас Канетти
Бет-бейнедегі қимыл-қозғалыстардан адамның қолынан қаншалықты айла-шарғы келетіні айқын аңғарылады.
©  Элиас Канетти
Адам ұлы ғой, шіркін: қандай қорқынышқа бармайды дейсің, оны терең сезініп, оған төзіп жəне оны жадынан ешбір шығармай жүріп өмір сүре береді.
©  Элиас Канетти
Билеуші өзі мен өз құзырындағылар арасына ең үлкен əрі ең қиын кедергілер қойып қояды: соның арқасында ол күнге, немесе қытайдікіндей одан да..
©  Элиас Канетти
Билеуші ешқашан да толық көшірмейді.
©  Элиас Канетти
Билеушілер тек өздері ғана тірі қалуға тиіс сияқты көреді.
©  Элиас Канетти
Қарғыс атқыр кекшілдікті қарғыс атсын: біреудің қолынан ең соңғы бауырым мерт болса да кек алғым келмейді.
©  Элиас Канетти
Бай адам табын-табын мал мен буда-буда ақша жинайды. Адам туралы ойлап, бас қатырып жатпайды: оларды сатып алуға болатынын білгені жетіп жатыр...
©  Элиас Канетти
Құдірет иесінің өзі де қалғып кеткендіктен емес, қорқыныштан көрінбей жатуы мүмкін ғой.
©  Элиас Канетти
Кедергілер адамды қатігез етіп жібереді.
©  Элиас Канетти
Саған керегі – қандай қарапайымдылық! – мəңгілік...
©  Элиас Канетти
Ағылшынның арманы – алды-артын қоршаған ағыл-тегіл су үстінде тұрған корабльдегі азғана топтың капитаны атану.
©  Элиас Канетти
Əйгілі авторлардың афоризмдерін оқыған кезде шіркіндер бірбірін өте жақсы білген екен деп ойлап қаласың.
©  Элиас Канетти
Күнделік жүргізген адам өзімен-өзі сырласады.
©  Элиас Канетти
Ницшенің мақамында құранның əуеніне ұқсас бірдеңе бар.
©  Элиас Канетти
ЖАУАБЫ КӨПТІҢ – САУАЛЫ КӨП
©  Элиас Канетти
Басқа мəдениет құбылыстары – басқа тілде сөйлейді.
©  Освальд Шпенглер