Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Жануарлардың ішінде адам күлкісіне ұқсас дыбыс шығаруға қабілеттісі тек гиена.
© Элиас Канетти
Бұйрыққа əбден мойын ұсынғандар аса жаман əрекеттерге баруға қабілетті екені белгілі.
© Элиас Канетти
Біреуге ажал тілеуді алыстан іздеп жатудың, ол үшін адам жанына соншалықты терең үңілемін деудің қажеті жоқ – оны кезкелген жерден кездестіруге..
© Элиас Канетти
Осыдан бір-екі ұрпақ бұрын «революция» деген сөзге кім болсын міндетті түрде «француздікі» деген сөзді қосып айтқан болар еді.
© Элиас Канетти
Жазғаныңды дəлелдеп жату қандай қиын десеңізші: құдды бір айтқаныңды қайтып алып жатқандай сезінесің.
© Элиас Канетти
Қуғыншы қалың тобыр жинау қажет болса – əлде-біреуді өлуге тиісті деп айғайлату жетіп жатыр.
© Элиас Канетти
Голландиялық үшін дамба дегеніміз – оның ұлттық ғұмырының басы мен аяғы: содан болар, ер адамдардың көпшілігі дамбаға ұқсайды.
© Элиас Канетти
Ағылшындар қиналған сəттердің бəрінде – менің бойымды олардың парламентіне деген сүйініш сезімі билейді.
© Элиас Канетти
Қандай шарасыздық жағдайында жазылса да, қағазға түскеннің бəрінде үміт ұшқыны бар.
© Элиас Канетти
Жұрт алдында жазалап, дарға асу дегеннің негізінде ежелгі ұжымдық өлтіру тəжірибесі жатыр. Нағыз қанішер – сол дар алдында шулаған қалың тобыр.
© Элиас Канетти
Кісілер өз төңірегіне тізіп тастайтын кедергінің бəрі əлдебіреулермен жақындасып кетуден қорқуға байланысты туады. Бұл қорқыныштан көпшілік ортасына..
© Элиас Канетти
Жауынгер тəрбиесі басқаларға қарағанда əлдеқайда көп тиым салудан басталады.
© Элиас Канетти
Адамның мəңгілік өмірге деген үмітінің астарында қалай да тірі қалуға деген құштарлық жатады.
© Элиас Канетти