Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
О дүниелік болғандар туралы ұзақ ойларға берілмейтін бірдебір тайпа, ру немесе халық жоқ.
© Элиас Канетти
Өткен күндер шындығын сол кездегі жазбалардың көмегімен өтірікке айналдыруға жол беріп алмағайсың.
© Элиас Канетти
Соғыста кісі өледі. Көп кісі өледі. Жеңімпаз деген – ең көп дұшпан өлтіргендер.
© Элиас Канетти
Нағыз жазушы қашан да өз дəуірінің айтқанымен жүреді, оның қызметшісі, оның басыбайлы шаруасы, оның ең соңғы құлы.
© Элиас Канетти
Еңбегің сіңбегеннің бəрін алу үшін барынша қаусаған қарияға айналсаң жетіп жатыр.
© Элиас Канетти
Үнсіздік оқшауландырады: үндемейтін адам өзін көп сөйлейтін адамнан гөрі əлдеқайда жалғыз сезінеді.
© Элиас Канетти
Сауалға үнсіздікпен жауап беру – соққыны қалқанмен немесе темір броньмен қайтарудай.
© Элиас Канетти
Əр соғыстың бойынан оған дейінгі барлық соғыстардың белгілерін табуға болады.
© Элиас Канетти
Кім біледі, мүмкін, сенің əрбір дем алысың – əлдебіреудің соңғы тынысы болар.
© Элиас Канетти