meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Кез-келген басқа халықтардан гөрі – еврейлерді түсіну қиын.
©  Элиас Канетти
Ажал барда – əрбір жанды сөзді оған деген қарсылық деп ұққан жөн.
©  Элиас Канетти
Қолында ешқандай билігі жоқ бірде-бір адам қалмағанша – соншалықты түңілудің қажеті жоқ.
©  Элиас Канетти
Нағыз ақындар кейіпкерлерімен оларды қиялында жасап алғаннан кейін кездеседі.
©  Элиас Канетти
От қойған көпшілік ешқашан беті қайтпастай сезімде болады.
©  Элиас Канетти
Нашар ақын жан дүниесіндегі əр алуан өзгеріс иірімдерін жасыруға тырысады, ал жақсы ақын, керісінше, соның бəрін ақтарып жайып салуға құмар.
©  Элиас Канетти
Ерекшелігі жоқ жазушы – жазушы емес.
©  Элиас Канетти
Ресми кісі өлтірушілер тікелей өздері берген бұйрықтардың нəтижесі неғұрлым көп шығынға ұшыратса, соғұрлым қанағаттана түседі.
©  Элиас Канетти
Данышпандық – білгірлік пен білместіктің ара салмағындағы үйлесімге байланысты.
©  Элиас Канетти
Кез-келген бомбаның бір бөлігі оны жасаушылардың ортасына келіп жарылады.
©  Элиас Канетти
Ұжымдық кісі өлтірушілікке деген қарсылықтың пайда болғанына көп бола қойған жоқ. Оны асыра бағалаудың реті жоқ. Қазір де газет-журнал арқылы..
©  Элиас Канетти
Қару кенеттен əрі барынша жиі өзін қолданушыға қарсы шығатын болуы керек.
©  Элиас Канетти
Ұзақ жасаудың қаупі: не үшін өмір сүргеніңнің өзін ұмытып қалуың мүмкін.
©  Элиас Канетти
Ол бəрін басынан бастар еді: сол бастаудың өзі қайда екен?
©  Элиас Канетти
Ол махаббат туралы көп айтатын, бірақ ешқашан да ешкімді жанына жақындатып көрген емес.
©  Элиас Канетти
Тек кездейсоқтық қана бақытты етеді, бірақ ол көп күткенге жолығуы жəне оларды жоққа шығаруы керек.
©  Элиас Канетти
Жалғыз жеке сөз – жауһардай таза болуы мүмкін. Бірақ келесі сөз-ақ оның бірдеңесін үзіп-жұла бастайды.
©  Элиас Канетти
Əдетте, қирату дегеніміз – шекараға қол сұғудан басқа түк те емес. Есік-терезесі сынып, үңірейген үйдің сиқы кетеді.
©  Элиас Канетти
Түнде, маужыраған тыныштық ортасында, өзі жақсы білетіндердің бəрі қалың ұйқыға кеткен кезде ол əлдеқайда жақсы адамға айналады.
©  Элиас Канетти
Орындаушының бір бетперденің астында екінші бетперде жасырып жүруіне ешкім бөгет бола алмайды.
©  Элиас Канетти
Ешбір қырғын келесі қырғынға тосқауыл қоя алмайды.
©  Элиас Канетти
Дауысқа салғанда басым түскен көпшіліктің пікірі дұрыс дегенге іс жүзінде ешкім де, ешқашан да сеніп көрген емес.
©  Элиас Канетти
Бірдеңе бастағанның ешқайсы да неге жетіп, не табарын алдынала білуі мүмкін емес.
©  Элиас Канетти
Адамдар осы «психология дəуіріндегідей» өзі туралы өте аз білген кез болған емес.
©  Элиас Канетти