Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Жүз жыл? Бар болғаны түкке тұрмас жүз жыл! Жақсы ойдың жүзеге асуына қайдан көптік етсін ол?!
© Элиас Канетти
Ажалмен қорқытып-үркіту – биліктің тиын-тебені: тиынға тиын қосып отырып, мол байлық жиып алуға болады.
© Элиас Канетти
Сөзуар жұрттан бұрын қартаяды: алдымен – сын есімнің, содан кейін – етістіктің өңі кетеді.
© Элиас Канетти
Қазір бір адамды ресми түрде отқа жағу туралы шешім қабылдаудан дүниежүзілік соғыс өртін тұтату жеңіл.
© Элиас Канетти
Əулие дегеніміз – бүкіл адамгершілік зардабын шегу шегін тек өзімен ғана шектеген адам.
© Элиас Канетти
Көз алдыңа келтіруге болатын ең жантүршігерлік тобыр тек таныстарыңнан ғана тұрар еді.
© Элиас Канетти
Бұйрыққа қарсылық көрсетудің мəні жоқтықтан бағынады: ол бұйрықты қалайда жеңіп шығатын адам береді.
© Элиас Канетти
Аярлығы өзіне аян билеушінің жəдігөйлігіне жұрттың бəрі бірдей сеніп қалуы мүмкін емес.
© Элиас Канетти
Дарға асудың куəсі болған тобыр өлім қорқынышын бұрынғыдан əлдеқайда артық сезінеді: құрбандық неғұрлым зор болса, қорқыныш та солғұрлым зорая түседі.
© Элиас Канетти