meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Жануар жайбарақат келеді: өйткені, алдында не күтіп тұрғанын білмейді.
©  Элиас Канетти
Шыңғысхан кім? Ақсақ темір кім? Гитлер кім? Олардың бəрі де қазіргі мүмкіндіктермен салыстырғанда – бар болғаны бейшара көмекшілер, халтурщиктер мен..
©  Элиас Канетти
Адамдар «ұлылық» дегенді қалай түсінеді екен? Оның мағынасы көп екендігі соншалық, оның ненің баламасы екенін де біліп болмайды. Ұлы демеген не қалды..
©  Элиас Канетти
Мойындаусыз адам адам бола ма? Ал мойындау адамды неге айналдырып жібергенін қарап көріңіз!
©  Элиас Канетти
Шаршағандықтан кірпігің қозғалудан қалғанша оқи беру керек.
©  Элиас Канетти
Өнім көбейген сайын, тұтынушыларға деген қажеттілік деңгейі де өсе түседі.
©  Элиас Канетти
Көп жоғалтқандардың бірі-бірінен айырмашылығы да азая түседі, керісінше тағдырларындағы ұқсастық көбейеді.
©  Элиас Канетти
Адам белгісізбен беттесуден қорқады.
©  Элиас Канетти
Адам өз бойына бүкіл ата-бабасының ақыл-ой даналығын жинап жүрсе де ақымақтығынан арыла алған емес.
©  Элиас Канетти
Адам – көп қырлы, мың түрлі: бұл – оның ең үлкен бақыты.
©  Элиас Канетти
Адамның бойында өзімен-өзі бола аларлықтай күш-жігер болуы керек.
©  Элиас Канетти
Кісі қашан да өзгенің қадамдарына құлағын түрік ұстайды: оған өзінікінен де көбірек көңіл бөледі.
©  Элиас Канетти
Сөйлем ешқашан да оны жазып отырған адамға ұқсамайды.
©  Элиас Канетти
Ойды сүйемін деп адамды ұмытып кетпегендер ғана философ деуге лайық.
©  Элиас Канетти
Жауабы көптің – сауалы көп.
©  Элиас Канетти
Сұрақтың көзіне су құятын жауаптан асқан ақылды жауап жоқ.
©  Элиас Канетти
Кез-келген бұйрықтың астарында қауіп жатыр.
©  Элиас Канетти
Өзінің естеліктерінен есі шығып, үрейленетіндерден асқан қорқақ жоқ.
©  Элиас Канетти
Биліктен күшті болғысы келген адам бұйрықтың көзіне тура қарап, оның тілін жұлып алудың жолын табуы керек.
©  Элиас Канетти
Тобыр құрбандықтың жазадан қашып құтылғанын ұнатпайды.
©  Элиас Канетти
Болашағымызды машиналарға сеніп тапсырғаннан бері – сəуегейліктен сəн кетті.
©  Элиас Канетти
Орындыққа отырып, үстел үстінде ас ішуді үйренгелі соғыс бұрынғыдан гөрі ұзаққа созылатын болып кетті.
©  Элиас Канетти
Пікір – қанша сенімді айтылғанның өзінде де бар болғаны пікір ғана.
©  Элиас Канетти