meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Шығыс Азия жəне Европа халықтары үшін тілдің мəні мүлдем кереғар мағына береді.
©  Мартин Хайдеггер
Диалектика – ол туралы сұраудың өзі сөкет саналатын бұлжытпаушылық диктатурасы.
©  Мартин Хайдеггер
Сөйлеу қабілеті – адамды адам етер бірден-бір белгі бола тұрып, оны басқалардан ерекшелейді де.
©  Мартин Хайдеггер
Өнер ақиқаты – жасампаздықта.
©  Мартин Хайдеггер
Қос нүкте – əлдененің басы.
©  Мартин Хайдеггер
Барлық гуманитарлық ғылымдар мен өмір туралы ғылымдар қаталдық сақтау үшін міндетті түрде дəл болмаулары керек.
©  Мартин Хайдеггер
Адам қашан да құпиялық пердесін ашу тағдырының дүлей құшағында тыпырлап əлек. Бірақ оның тағдыры – еріксіздік таланы емес. Қатер техниканың өзінде..
©  Мартин Хайдеггер
Соғыс – бейбіт күндері жалғасатын жан қиюдың бір түріне айналды.
©  Мартин Хайдеггер
Билік басындағылар мен биіктен дəмелілер арасындағы күрес – екі жақ үшін де билікке талас болып табылады.
©  Мартин Хайдеггер
Антропология дегеніміз – адамның кім екенінен жалпы хабардар болғандықтан ешқашан «ол кім» деген сұрақ қоя алмайтын ой өрнегі.
©  Мартин Хайдеггер
Ой орамдары бізді білінер-білінбес құпия ишаралармен тіл арқылы алып өтеді.
©  Мартин Хайдеггер
Сөйлеудің өзі – тыңдау да: ол – өзіміз сөйлеп тұрған тілдің тыңдауы.
©  Мартин Хайдеггер
Суреткер – жасампаздық бастауы, жасампаздық – суреткерлік бастауы. Бірінсіз бірінің күні жоқ.
©  Мартин Хайдеггер
Сайып келгенде – өнер біткеннің бəрінің өзегінде поэзия жатыр.
©  Мартин Хайдеггер
Билік үшін күрестің бəрі – билікке бағынышты.
©  Мартин Хайдеггер
Айтыс-тартыс кезінде біреу-біреуді төбесіне көтеріп шығарады.
©  Мартин Хайдеггер
Кез-келген түсіндіру түсінікке негізделеді.
©  Мартин Хайдеггер
Сөз жетпеген жерде зат та жоқ.
©  Мартин Хайдеггер
Таң қалу жұмсаушыға – иек артушыға, шақырушыға берілген белгі, ілкі ишарат тəрізді.
©  Мартин Хайдеггер
Американдық дегеніміз – еуропалық бірдеңе.
©  Мартин Хайдеггер
ФИЛОСОФИЯ – ЖҰРТТЫҢ БƏРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДҮНИЕ
©  Мартин Хайдеггер
«Мен – атаққұмар емеспін, тек жаным тез жараланатын нəзікпін» дейді асқан атаққұмар адам.
©  Элиас Канетти
«Мен – бармын», «Мен – жоқпын» – адамзаттың жаңа санамағы!
©  Элиас Канетти
Тіл, тұтас жүйе тұрғысынан алғанда, сақау болып қалады.
©  Элиас Канетти
Осы дəуір жаңа заттар дəуірі болғанымен, жаңа ойлар дəуірі дей алмаспыз.
©  Элиас Канетти