meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Түкке тұрмайтын нəрсе туралы ғылымның өзі де ештеңе білгісі келмейді.
©  Мартин Хайдеггер
Біздің жолымыз – ой сүрлеуі.
©  Мартин Хайдеггер
Батылдық бірін-бірі түсінгісі келгендерге сенім береді, олардың өздеріне деген сенімін күшейтеді жəне сол арқылы олар бір-біріне құшақ жайып, ашыла..
©  Мартин Хайдеггер
Адамдар көргісі келмейді, өйткені онда бір метафизиканың үстіне екіншісін қойып салып жатқан іргетас ешқандай да іргетас емес екендігін мойындауға..
©  Мартин Хайдеггер
Үнсіздік – сақаулық деген сөз емес.
©  Мартин Хайдеггер
Суретке айналған əлем жаңа əлем болуға тиіс.
©  Мартин Хайдеггер
Жақын арақашықтық – əлі жақындық емес. Алыс арақашықтық – əлі алыстық емес.
©  Мартин Хайдеггер
Адамдар қашанда əлде бірдеңені ойлап табумен əлек.
©  Мартин Хайдеггер
Ешқашан ештеңе айтпайтын адам керек кезінде үнсіз қала алмайды. Тек адал сөзде ғана шын үнсіздік болады.
©  Мартин Хайдеггер
Шаруа зердесінде қарапайым, сенімді əрі оты сөнбеген адалдық бар.
©  Мартин Хайдеггер
Кейде əлдененің соңы – оның осыған дейінгісін қосып есептегеннен ұзағыраққа созылуы мүмкін.
©  Мартин Хайдеггер
Ауытқу баяулау сақтыққа негізделген кезде ғана өзін-өзі ақтайды.
©  Мартин Хайдеггер
Сурет те қабырғада аңшының мылтығы мен бас киімі қалай ілініп тұрса, дəл солай ілініп тұрады.
©  Мартин Хайдеггер
Адам үнемі – өзінен бұрын өткендермен, бəлкім одан да жиірек əрі жүрекжардылау – өзінен кейінгі ұрпақтармен сөйлесіп жүреді.
©  Мартин Хайдеггер
Əрбір ауыздан шыққан сөздің өзі – жауап.
©  Мартин Хайдеггер
Кез-келген зат оны не деп санаса сол ғана бола алады.
©  Мартин Хайдеггер
Адам неғұрлым мойып, салы суға кеткен жағдайда болса – ол көзге ұрып тұрса да, тұрмаса да – оның этикаға деген құштарлығы солғұрлым күшейе түседі.
©  Мартин Хайдеггер
Шынайы өзара тіл табысудың екі негізгі шарты бар: олар – бір-біріңді тыңдауға деген мойымас жігер мен өз тілегіме жетсем деген ішкі шешімділік.
©  Мартин Хайдеггер
Өнер дегеніміз – енді ешбір ақиқатқа сəйкес келмейтін болып қалған сөз ғана.
©  Мартин Хайдеггер
Əлдененің бастауы дегеніміз – оның мəнінің өзегі.
©  Мартин Хайдеггер
Тыйым – қарсылықпен тығыз байланысты.
©  Мартин Хайдеггер
Сұңғат өнері (живопись) уақытты өзінше сезінеді.
©  Мартин Хайдеггер
Өзіңе ойға лайық бірдеңе айтуға мүмкіндік беру ойлауға жатады.
©  Мартин Хайдеггер
Сөз үшін сөйлеушілер керек.
©  Мартин Хайдеггер
Тас – дүние дегеннің не екенін білмейді. Өсімдік үшін де, жануарлар үшін де дүние деген ұғым жоқ, олар өздерін қоршаған ортаның көзге көрінбейтін..
©  Мартин Хайдеггер