Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
«Асықсаң да», «асықпасаң да» бақиға аттанар жылыңды, айыңды, күніңді, сағат-мөйнөтіңді Алла-тағала баяғыда белгілеп қойған.
© Дүкен Мәсімханұлы
«Өлімге асығу» - барып тұрған надандық әрі өте ауыр күнә! Қанша қиын болса да өмір қымбат, тіршілік қызық. Өйткені Жаратушы – Алла тіршілік иесінің..
© Дүкен Мәсімханұлы
Демократия деп жүргеніміз – түптеп келгенде адамзат идеясының еркіндігі, ойдың азаттығы. Алайда демократия қашан да, қайда да тек ізгі идеялар мен..
© Дүкен Мәсімханұлы
Дұшпандарым болмаса қателікке белшемнен батуым мүмкін еді. Менің әр қадамымды аңдудан шаршамаған дұспандарыма қандай рахмет айтсам да артық емес.
© Дүкен Мәсімханұлы
Шабыт деген – ол идея. Идея – дүниені қозғаушы күш. Егер озық идеялар болмаса адамзаттың бүгінгі өркениетті қоғамы да болмаған болар еді.
© Дүкен Мәсімханұлы
Қайғы мен қасірет егіз. Адамға әуелі оның біреуі келеді, сосын ол екіншісін (сыңарын) шақырып алады. Егер сен алғашқы келгеніне мойымасаң, онда..
© Дүкен Мәсімханұлы
Адам бойындағы аса менмендік оның ең қауіпті, ең мықты жауы.Өйткені ол оған барлық өзге жауларынан жақын тұр.
© Дүкен Мәсімханұлы
Ақылдының басты белгісі – өзгеден бұрын өзін біліп, өзін тануға ұмтылуында болса, ақымақтың басты белгісі – өзінің кім екенін білмеуінде әрі ол..
© Дүкен Мәсімханұлы
Нақты жауап дегеніміз – жауапкершіліктің басы ғана. Сондықтан да нағыз сұрақ қайтарылған жауаппен бірге күн тəртібінен түсіп қалмайды.
© Мартин Хайдеггер
Зерделеу дегеніміз – ең алдымен, өз пікірлерің мен өз мақсаттарың кеңістігінің ақиқаттығына күмəндануға мүмкіндік беретін батылдық.
© Мартин Хайдеггер
Ешкім де басым пікірлер шеңберінен оңай, бір-ақ ырғып секіріп шығып кете алмайды.
© Мартин Хайдеггер
Нигилизм – асқақ құндылықтардың құнсыздану процесі ғана емес, ол сол сияқты құндылықтарды жай тартып алу да емес. Сол құндылықтарды өмірге алып..
© Мартин Хайдеггер
Көзге көрінбейтін зат – ойға да басқалардан əлдеқайда көбірек қарсылық көрсетеді.
© Мартин Хайдеггер
Күтпеген қарапайымдылық адам бойына кенеттен келіп енсе де, ұзақ пісіп-жетілу мен гүлдеуді қажет етеді.
© Мартин Хайдеггер
Ой өз баянымен тілде көзге түспейтін терең із қалдырады: ол танапта шаруа соқасы тіліп қалдырған іздерден əлдеқайда нəзік.
© Мартин Хайдеггер
Ишараға илігіп қаласың. Ишара сақ болуғашақырады. Аспаннан түскендей тосын жалт етіп жеткен ишара бізді өзі шыққан бастауға жақындата түседі.
© Мартин Хайдеггер
Біз бір нəрседен ғана – зат пен жасанды заттың жылдам əлдебір бұйымға айналуынан қашқанымыз жөн.
© Мартин Хайдеггер