Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Қыз атаулының бәрі әлсіз, нәзік. Олар тек ана болғанда ғана ұлы күшке, шексіз құдіретке ие болады.
© Дүкен Мәсімханұлы
Тымырайып немесе мөлиіп отырған әйелден қорқу керек. Себебі ондай әйелден әйелдердің өздері де қорқады.
© Дүкен Мәсімханұлы
Әйелдің бәрі мейірімді. Алда-жалда олардың жүрегінде зәредей қатыгездік болса, оған тек еркектер кінәлі.
© Дүкен Мәсімханұлы
Менің ұраным: «Кәрі қыз» деген атауды қолданыстан шығарайық! Жүзге келсе де олар – қыздар, олар – арулар! Уа халқым, менен бір-ақ өтініш, осы..
© Дүкен Мәсімханұлы
Еркек өз бойын қанша жасап, «жақсы жігіт» болып көрінуге қанша тырысқанмен, әйел көзі бәрі бір оның ішкі әлемін айнадағыдай көріп отырады.
© Дүкен Мәсімханұлы
Дүниедегі ең сүйкімді адам – сұлу да парасатты әйел. Ал дүниедегі ең қорқынышты адам - ұятсыз, сайқал әйел.
© Дүкен Мәсімханұлы
«Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп», - дейді қазақ мақалы. Бұрын қайдам, қазір абысындары тату болса ғана – ағайындар тату.
© Дүкен Мәсімханұлы
Үлкен байлық пен биік мансапқа жеткен адам неге өзгереді? Өйткені байлық пен мансаптың буы болады. Ол бу пендеге бақи дүниені ұмыттырады.
© Дүкен Мәсімханұлы
Ақылды, парасатты адам үшін алынбайтын қамал - өзінің айналасындағы надандық.
© Дүкен Мәсімханұлы
Байлықты қуа берсең, бір күні қалай оның құлақкесті құлына айналып кеткеніңді сезбей де қаласың.
© Дүкен Мәсімханұлы
Досым қас болсын десең, қасым дос болсын десең - оларға қарызға ақша бер. Себебі «қарыз ақша күліп барады, жылап қайтады.»
© Дүкен Мәсімханұлы
Саналы адам баласы үшін өмір қас-қағым сәт. Егер осы қас-қағым сәтте түк тындырмай кетсең, онда бұл өмірге келмегенмен бірдейсің.
© Дүкен Мәсімханұлы
Іргетасы ақшамен немесе белгілі бір есеппен қаланған «достық сарайы» түптің-түбінде қасірет ордасына айналмақ.
© Дүкен Мәсімханұлы
Жаратушының бар екені, бір екені хақ! Ал оны тану жолының (дін) әр қилы болуы – ол пенделердің ісі.
© Дүкен Мәсімханұлы
Тіршіліктегі нағыз ақиқат – сенің өмірің мен өлімің. Қалған нәрсенің бәрін біреу алай, біреу былай бағалай береді.
© Дүкен Мәсімханұлы
Шала молда ғылым иесімен неге өш? Себебі ғалым оның сауатсыздығын, шала, дүмшелігін сәт сайын әшкерелеп отырады.
© Дүкен Мәсімханұлы
«Алтынды көріп періште жолдан тайыпты» деген бар. Ал ханыңнан қараға дейін, абыз қартыңнан балаға дейін... бәріміз періште де емес, пендеміз. Ал..
© Дүкен Мәсімханұлы
Үнемшілдік пен сараңдық мүлде екі басқа құбылыс. Яғни үнемшіл адам өз байлығының сақшысы да, сараң адам байлықтың құлы.
© Дүкен Мәсімханұлы
Асқан менмендік адамды қандай сүйкімсіз көрсетсе, асқан (жөнсіз) кішілік те кісіні сондай қораш, байқұс қып көрсетеді. Бұл ретте атам қазақтың: «Ұлық..
© Дүкен Мәсімханұлы
Қасірет пен қиындықтың ортақ бір мінезі бар: – екеуі де оған мойынсұнған адамын ерттеп мініп алады.
© Дүкен Мәсімханұлы
Мақтану немесе өзін-өзі мақтау - өзінің рухани жыртығына жамау іздеу деген сөз.
© Дүкен Мәсімханұлы
Қателесуге де қабілет керек. Өз пікірі, ұстанымы жоқ, орындаушылар ғана қателеспейді.
© Дүкен Мәсімханұлы
Адам өмірі қауіп-қатерге толы. Бір ғажабы бүгінде сол қауіпқатердің дені адамның баласының өз қолымен жасалуда.
© Дүкен Мәсімханұлы