Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Егер ұрпаққа біліммен бірге тәрбиені қоса бермейтін болсақ, жеңілірек айтқанда, ол білім сауатсыздықтан неше есе қауіпті болып шығуы мүмкін.
© Дүкен Мәсімханұлы
Адам жүрген жерде жеке мүдде де өмір сүре береді. Мүмкін К.Маркстің қателігі осыны «ұмытуында» шығар.
© Дүкен Мәсімханұлы
Жақсы адам туғанда «жақсы» боп туған емес, жаман адам да туғанда «жаман» боп туған жоқ. Ендеше жақсы адам мен жаман адам қайдан шығады? Тәрбиеден...
© Дүкен Мәсімханұлы
Қандай жауыз, жыртқыш аң болсын, ол бүгінде адамның жауы бола алмай қалды. Есесіне бүгінде адамның ең мықты жауы – АДАМның өзі.
© Дүкен Мәсімханұлы
Өсек – сені күйдіру үшін таратылады. Егер сен өзің туралы тараған өсекке шындап «күйіп-піссең», онда өсек «авторының» арманы орындалғаны.
© Дүкен Мәсімханұлы
Жеңіс те, табыс та, тіпті сұлу әйел де, көбінде, ержүректердікі. Өйткені ержүректіктің тағы бір аты тәуекелшілдік. Ал «тәуекел түбі жел қайық, өтесің..
© Дүкен Мәсімханұлы
Былай қарасаң, құдай адамды өте осал ғып жаратқан. Тіс, тырнақ, қалың тері, берік сүйек... жоқ, қара күш те шамалы. Үрейлі сұр да жоқ. Есесіне шексіз..
© Дүкен Мәсімханұлы
Мән-мағыналы өмір ғана ұзақ ғұмыр болып есептелмек. Ал өмірдің мәні еңбекте.
© Дүкен Мәсімханұлы
Қателік, кемшіліксіз адамды туғыза алмай-ақ Адамзат қартайып барады. *** *** *** *** Адам мінезіне бір жақты баға, сыңар жақ анықтама беру – бізге..
© Дүкен Мәсімханұлы
Атақ, даңқ, байлық... дегендерге адам баласы соншалық тойымсыз. Сол үшін-ақ адамдар бір-бірін алдайды, арбайды, сатады, өлтіреді... Бірақ өле қалсаң..
© Дүкен Мәсімханұлы
Ғалымдар біздің планетамыздың барған сайын жылынып бара жатқанын дәлелдеп отыр. Бұған қазіргі адам баласының тіршілігі әсер етіп отыр ма? әлде..
© Дүкен Мәсімханұлы
Түйсік пен сезік жан-жануарлардың бәрінде бар. Адамда тіпті де ерекше. Жалпы ғылымда адамның осы қабілиеті онша зерттелмей келеді. Ғалымдар осының..
© Дүкен Мәсімханұлы
Кімнің қандай адам екендігін, көбіне көп, бір шешуші сәттер анықтап береді.
© Дүкен Мәсімханұлы
Бағзыдағы ата-бабаларымыз батқан күнмен, аяқталған аймен, өткен жылмен қимай қоштасып, «жыласып» айырылысады екен. Ал біз болсақ, атар таңды, туған..
© Дүкен Мәсімханұлы
Жастық шақтың қымбат, қызық болатыны - ол кезде кеудең тола арман, басың тола қиял, бойың тола қайрат, жүрек тола жалын, алдың тола жол...
© Дүкен Мәсімханұлы
Ақылды әйел - өз шаңырағының бақыты. Парасатты әйел – тұтас ұлттың бақыты.
© Дүкен Мәсімханұлы