meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Адамдар қазір өте ақылды болып кетті. Оның дәлелі: еш қандай талантты мойындамайды. Сондай-ақ адамдар қазір өте бейшара болып кетті. Оның дәлелі: еш..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Қазақ қоғамы қатты саясиланып барады. Кез-келген таксис, кез-келген малшы, құрылысшы саясатыңды «шемішкеше шағып» тұр. Бұл қалыпты құбылыс емес.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Тіршілікте адамның ойлағанының бәрі бола бермейді. Дегенмен осындай ойдағың орындалмай қалған сәттерде, өмірден түңіліп, бордай тозып кетпей, есесіне..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Неге екенін, аузымен орақ орып, тілі мен жағына сүйеніп қалған адамға қатты сене бермеймін.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Мұнафиқтың шын кеспірін көргің келсе, оған үлкенді-кішілі мансап, аздыкөпті байлық біткен кезінде сөйлесіп көр.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Баяғы заманда, атамыз қазақ «қыздың жолы жіңішке» деген екен. Қазір осы мақалды сәл өзгертіп «таланттың жолы жіңішке» деп қолдансақ қалай болады?!.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Қателік өткізбейтін адам болмайды. Ал жақсы адам сол қателігін сезінсе өзгертеді, одан сабақ алады. Бұндай адамды тек «жақсы адам» ғана емес..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Бұл қазақ озып жүрсек күндейді, тозып жүрсең жүндейді. Сол үшін жүнделіп қалтырағанша, күн болып жарқыра, балам!
©  Дүкен Мәсімханұлы
Көре алмаушылық, бақталастық екі туып, бір қалғаныңда да болады. Осыны ойлағанда «менің жетістігіме неге қуанбады» деп өзгелерге өкпелеу ақымақтық..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Қызғаныш жақсы сезім. Бірақ ол бақастыққа, бақталастыққа айналып кетпеуі керек. Ол (қызғаныш) сені бәсекеден, бәйгеден оздыратын намыс қамшысы..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Өмірде бетіңе тіке қарап сөйлемей, не жерге, не «желге» қарап сөйлейтін адамдар болады. Негізгі осындай адамдардан абай болған жөн. «Көз көңілдің..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Бір жас балалар келіп өзінше қуланады. «Аңқау шалды алдап отырмын» деп ойлайтын болуы керек. Іс жүзінде, байғұс бала бұл «аялдамадан» біздің ең..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Аңғал, адал адам жұрттың бәрін аңғал, адал деп ойлайды. Ал арамза, қу адамдар елдің бәрін арамза, қу деп ойлайды осы?! Егер олар да солай ойласа..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Күле білген де, жылай білген де жақсы. Себебі бұл ақыл-есі, сана-сезімі қалыпты адамның қылығы.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Достық деген біреуді пайдаланып қалудың орайлы сәті емес көкем. Ол (достық) адамдық, азаматтық үлкен жауапкершілік!
©  Дүкен Мәсімханұлы
Әдебиетті көп қабатты ғимаратқа теңейік. Бүгінгі жас буын ең жоғарғы қабатын жасап жатыр. Сапалы да әдемі құрылыс материалдарының, озық..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Кейде адамдар өлімді мүлде ұмытып кетеді. Шын мәнінде өлімге қарай өзіміз жыл санап, ай санап, күн санап емес, адымдап кетіп бара жатқан жоқпыз ба?!
©  Дүкен Мәсімханұлы
Құныққаның құлқынын таудай алтын да толтыра алмайды.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Кейде шыбын өлтіру қасқыр өлтіруден де қиын болатын кездер болады.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Өзгенің бағасымен емес, қолдан келсе өз пікіріңмен өмір сүр.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Сыртыңды, бет-әлпетіңді қанша жасанғаныңмен, көзің мен сөзің кім екеніңді айғайлап айтып тұрады.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Құйысқанға қыстырылмау да әдептіліктің белгісі.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Ылғи тырнақ астынан кір іздеп жүретін адамдар болады. Ондайлардың негізгі мекені де сол тырнақтың асты шығар бәлкім.......
©  Дүкен Мәсімханұлы
Білгенін жарнамалап, оқығаннан мақтан етіп жүретіндер – нағыз дегдар ғалым емес.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Таланттың өлген күні – оның өз-өзіне қанағаттанған күні.
©  Дүкен Мәсімханұлы