meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Ұлы адамдардың бойынан «анау-мынау ақау», «болар-болмас мін» іздесең табыла береді. Ең бастысы, біздің жастар ең алдымен сол ұлы адамдай болуға..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Жалған абырой жалған аяқпен (протез) бірдей. Былай қарағанда бар сияқты, шындап келгенде жоқ.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Адамның жүрегі жұдырықтай ғана жұмыр ет. Алайда кей адамның жүрегіне сол жұдырықтай нәрсе де сыя бермейді. Ал кей адамның жүрегіне тұтас ғалам сыйып..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Кеңдік пен ірілік адамның күш-қуатын одан сайын арттыратын қасиеттер.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Елің үшін, ұлтың үшін шамаң жеткен жерге дейін қызмет қыл. Ол үшін Ақыланба! Сол еңбегің арқылы өміріңе мән-мағына дариды, қадір-қасиетің артады...
©  Дүкен Мәсімханұлы
Пасық адам –түптеп келгенде қалыпсыз адам.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Пасық адамның санасында обал-сауапқа орын жоқ. Өз бас пайдасы үшін өзгелердің мүддесін күйрете салу, тіпті ең жақын немесе ең қамқор адамын сата салу..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Пасық адамдар да ақылға қонымды, әлеуметтік мүдде мен этикалық талаптарға сай келетін «ұрандарды» жұрттан гөрі қаттырақ айғайлап айту арқылы өзінің..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Қазақта «заманың түлкі болса, тазы болып шал», «ұлығың соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» т.с.с. мақалдар бар. Осындай «ақылды» мақалдардан тағылым..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Ұйғыр халқында ұят-намысы аз, пасық жандарға қолданатын: «Бетімнің қалыңдығы – жанымның рахаты» деген мақал бар. Тілімізде осы мақалдың орны..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Пасық адамдарда намыссыздықты тірек еткен өлермен төзімділік болады. Яғни олар өз мақсатына жету үшін қалыпты адамдар төзе бермейтін физикалық..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Оқығаны бес уақ намаз. Ұстағаны ораза. Алайда бауыр-туысқанына еш қайырымы жоқ, ата-анасын иен үйде қараусыз қалдырған, бірдеңе десе оларды..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Қазақта «қарындасты қапа қылуға болмайды» дегенге саятын түсінік бар. Ол өте ұлы ұғым, текті түсінік. Өкініштісі, бүгінде туған қарындасын «қапа..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Бұрынғы адамдардың өмірге деген де, бір-біріне деген де махаббаты ерекше болғанын аңғару қиын емес. Бүгінгі адамдарда бұл қасиет сұйылып келеді...
©  Дүкен Мәсімханұлы
Тәкапбар адамның ең жек көретіні өзгелердің тәкапбарлығы.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Жер бетінде жаман ұлт, жаман тайпа жоқ. Бірақ жаман адам бәрінде бар.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Бай, кедей болу жаратылыстан емес, ұмтылыстан.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Әйел адам сұлулық пен нәзіктіктің, ер адам - ірілік пен күш-қуаттың өкілі бола тұра, махаббат мәселесінде әйелдерге қарағанда ерлердің тұрақсыз..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Көп қыздардың қателігі - «жігіттердің жүрегін бояуыммен, киіміммен жаулаймын» деп ойлайтындығында. Негізінде қазақ арулары «қыз қылығымен» деген..
©  Дүкен Мәсімханұлы
«Отырып» қалған қыздың бәрі жаман адам емес. Олардың көбісі білім іздеп, кәсіп қуып, сол жолда өзін қолдайтын жақсы жігіт кезіктіре алмай қалған..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Бақытты жұбайлар, олар кімдер? Олар - әйелі өзін күйеуіне арнаған, күйеуі өзін кәсібіне арнаған ерлі-зайыптылар.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Әйел затына «жақсы жігіт» болып көрінгісі келмейтін еркек кемде-кем. Ол үшін әйел затына жағымпазданудың қажеті шамалы. Керісінше ер-азаматқа тән..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Қандай «періште» адам болса да, пендешілігі қалмайды.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Жаңа туған нәресте ештеңе білмейді. Өсе келе бәрін де үлкендерден үйренеді. Әрине, жақсыны да, жаманды да...
©  Дүкен Мәсімханұлы
Алла-тағала барлық адамға көз, ауыз, құлақ, аяқ-қол берді. Сондықтан ол көрмей, сөйлемей, естімей, қозғалмай тұра алмайды. Сондықтан сенің оңдысолды..
©  Дүкен Мәсімханұлы