meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Тек адам ғана өледі. Жануар сеспей қатады.
©  Мартин Хайдеггер
Түсінген адам ғана тыңдай алады.
©  Мартин Хайдеггер
Көркем шығарма затқа айналған жерінде көрмеге немесе мұражайға қоюға жарайды.
©  Мартин Хайдеггер
Жасампаздық дүниенің ашық күйде қалуына көмектеседі.
©  Мартин Хайдеггер
Жасампаздық дегеніміз – рəміз.
©  Мартин Хайдеггер
Жасампаздықтың бəрі бірдей эстетикалық құндылыққа айнала бермейді.
©  Мартин Хайдеггер
Құпия – құпияның өзі бар екені де білінбеген кезде ғана құпия күйінде қалады.
©  Мартин Хайдеггер
Техника болмысында біз мүлдем ойламаған нəрселер – құтқару мүмкіндіктерінің бүршіктері тамыр жаяды.
©  Мартин Хайдеггер
Əлде бірдеңелер алдындағы қорқыныш қашан да нақты заттарға байланысты туады.
©  Мартин Хайдеггер
Не екен деп сұрақ қоюға лайық бағытта сапар шегу – авантюра емес, үйге оралу.
©  Мартин Хайдеггер
Сөйлеу мен айту – бір нəрсе емес. Адам тоқтамай ұзақ сөйлеуі мүмкін, бірақ ештеңе айтпауы мүмкін. Басқа біреу, керісінше, үнсіз ғана отырады, ештеңе..
©  Мартин Хайдеггер
Адамның болмыспен байланысы – бұлыңғыр.
©  Мартин Хайдеггер
Ең тексіз, өзінің-өзі сұрқын алатын көңіл күй өшпенділік: еріксіздіктің ең асқынған түрі тəкəппарлыққа дейін ісіп-қабынатын айтақырлық.
©  Мартин Хайдеггер
Кеңістік – орын босату деген сөз.
©  Мартин Хайдеггер
Бірдеңеге көз жеткізу – адамды айрықша нұрландырып жібереді.
©  Мартин Хайдеггер
Шынайы түсіністіктің тағы бір белгісі: ол ешқашан да тез табысқа жəне қалай да анық нəтижеге жете қояды екенмін деп ойламайды.
©  Мартин Хайдеггер
Топырақ – тамыр үшін негіз болып табылады: ол ағаштың пайдасы үшін өзін ұмытуға дейін барады.
©  Мартин Хайдеггер
Заттың дəл қазір өзінен-өзі қай бағытта қозғалып бара жатқанын байқау – оның мəнін аңғару деген сөз.
©  Мартин Хайдеггер
Бар ақыл-ойымызды жұмсап, бардың түбіне жетпей тұрып – біз ешқашан да болар болмыстың бөлшегі бол алмаймыз.
©  Мартин Хайдеггер
Қарсылық алып қоймайды – қарсылық сыйлайды. Қарапайымдылықтың таусылмас терең күшін сыйлайды.
©  Мартин Хайдеггер
Нағыз адам болғың келсе, ойың, сөзің, ісің бірдей болсын! Егер бұның біреуі басқаша болса, онда «арамза» болғаның. Ал атам қазақ «арамзаның құйрығы..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Қазақта «іші тар» деген сөз бар. Негізі ол «жүрегі тар» дегенді білдіреді. Ендеше адамның жүрегі басқалардың жақсылық-қуанышына қуанумен ғана..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Ұлы адамдар ұлттың мақтанышы, адамзаттың асыл қазынасы. Сондықтан қай ұлттан ұлылар көп шықса, жер бетінде сол ұлттың үні асқақ, еңсесі биік болады.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Алдына тек ұлы мақсат қоя білген, һәм сол мақсатының шыңына шыққан адам ғана ұлы адам!
©  Дүкен Мәсімханұлы