Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.
©  Бауыржан Момышұлы
Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.
©  Бауыржан Момышұлы
Өмірден қайткенде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі.
©  Бауыржан Момышұлы
Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.
©  Бауыржан Момышұлы
Заттар мен құбылыстарды танитын күш - ақыл деп аталады. Ақылдың жұмысы адамның ішкі сезім күйін бейнелейді.
©  Бауыржан Момышұлы
Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауызыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.
©  Бауыржан Момышұлы
Сәбиді қанша рет сүйейік, бәрібір мейіріміз қанбайды.
©  Бауыржан Момышұлы
Баланың у-шуына жетер дүниеде не бар? Одан өткен сазды әуенді табу мүмкін бе?
©  Бауыржан Момышұлы
Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
©  Бауыржан Момышұлы
Батырлық – тәуекел мен адалдық есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.
©  Бауыржан Момышұлы
Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
©  Бауыржан Момышұлы
Жұмысқа жарап тұрғанымда, мен өзімді кәрілердің тізіміне қоса алмаймын.
©  Бауыржан Момышұлы
Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.
©  Бауыржан Момышұлы
Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас.Осыған әрқашанда әзір болу керек.
©  Бауыржан Момышұлы
Күншілдік — өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігіңді түсінуден туған құбылыс.
©  Бауыржан Момышұлы
Ой жетпейтін жер болмайды, күлкі жеңбейтін жау болмайды.
©  Бауыржан Момышұлы
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.
©  Бауыржан Момышұлы
Су сұйық болғанымен, тас жарады.
Жел құз жартасты, құмға айналдырады.
От жұмсақ болғанымен, қатты ағашты күл етеді.
Байқап отырсақ, жұмсақ..
©  Бауыржан Момышұлы
Қазақ тілі … өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң..
©  Бауыржан Момышұлы
Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған..
©  Бауыржан Момышұлы
Тексізден тезек артық,
Арсыздан аиуан артық
©  Бауыржан Момышұлы
Жерге – тер төгіп, халыққа – қан төгіп қызмет етуден тайсалма.
©  Бауыржан Момышұлы
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.
©  Бауыржан Момышұлы
Табандылық — батылдық қалқаны.
©  Бауыржан Момышұлы