Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Адам өзіне-өзі неғұрлым мәз болса, оның бойында мәз боларлық нәрсе соғұрлым аз болғаны.
© Лев Толстой
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.
© Лев Толстой
Әйел қанша сұлу болса, сонша адал болуы керек, өйткені оның сұлулықтан көрер кесірін адалдық қана жеңе алады.
© Лев Толстой
Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.
© Лев Толстой
Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған..
© Лев Толстой
Мен шайды көп ішуге тиіспін, өйтпеген күнде жұмыс істей алмаймын. Шай менің жанымның терең түкпірінде ұйықтап жатқан мүмкіндіктерді оятады.
© Лев Толстой
Көрінген кітапты оқи берген жарамайды, көңілде туған сауалдарға жауап бере алатын кітаптарды оқыған абзал.
© Лев Толстой
Дене еңбегі ой еңбегінің қасиетін арттыра түскенімен қоймай, оны мадаққа бөлейді.
© Лев Толстой